Жастар саясатын дамыту перспективалары жөніндегі мәжіліс

10.06.2014
1478 просмотров
Маусым айының басында Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басқарушы директоры Серік Әбденовтың төрағалығымен жастар саясатын дамыту перспективалары жөніндегі мәжіліс болып өтті.

Мәжіліске «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдардың жас мамандары қатысты. Олардың қатарында зауытымыздың жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Юрий Кустадинчев те болып, кеңестің жұмысы мен жетістіктері, басқа да келелі мәселелер туралы баяндады.

Мәжіліс барысында Серік Әбденов компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарына қарасты жастар ісі жөніндегі кеңестердің жұмысын реттейтін «ҚазМұнайГаз» АҚ Жастар кеңесінің құрылатыны жөнінде хабардар етіп, мақсаттар мен міндеттер туралы сөз етті.

Мәжіліс жұмысына қатысушылардың қарауына аталған Жастар кеңесі туралы Ереже жобасы ұсынылып, ағымдағы айдың соңына дейін осыған қатысты ұсыныстар беруге шешім шығарылды. Ереженің жасақталуына «АМӨЗ» ЖШС жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелері де белсенді ат салыспақ.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу