«КТК (КВН) жазғы кубогы» ойыны өтті

01.08.2014
1577 просмотров
Өткен жұмада Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясында Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жас қоғам» жастар бастамаларын дамыту қорының ұйымдастыруымен «КТК (КВН) жазғы кубогы» ойыны өтті.

КТК ойындары - жастардың сүйіп тамашалайтын ойын-сауық бағдарламаларының бірі. «Жас қоғам» қоры ұйымдастырған бұл жолғы ойын да жүздеген көрермен жинап, КТК-ның үлкен бір қозғалысқа айналғандығын тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Кубокка «таласқан» төрт топтың құрамында Атырау мұнай өңдеу зауытының командасы да болды. Зауытымыздың жастар ісі жөніндегі кеңес төрағасы Юрий Кустадинчевтың жетекшілігімен құрылған бұл топта Ароматикалық көмірсутектер шығару кешені және №5 цех қызметкерлері Р. Бекқайыров, С. Бекбаев, Ш. Қаналиев, Н.Жұмағазиев, А. Черенков, Е. Меңдалиев, Э. Кереев сынды жастар өнер көрсетіп, әзіл мен өнер додасында зауыт намысын қорғады. Команда капитаны Ринат Бекқайыров та өзіне артылған міндетті абыройлы атқарып шықты.

Көрермендерді күлкіге қандырып, демалыс күні қарсаңында көтеріңкі көңіл-күй сыйлаға кеште жазғы кубокты «Қазақстан Темір жолы» компаниясының жастары иеленді.

Ал жүлделі бірінші орын біздің зауыт командасына бұйырды. Қоғамның өзекті мәселелерін астарлы әзілдерімен жеткізе білген зауыт жастарын жүлделерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!


Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу