Соңғы он жылдағы көрсеткіштерді алып қарасақ, бұл бағытта айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Десек те, зауыт мұнымен тоқталмай, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстарды жандандыра түсуге мүдделі. Ағымдағы жұмыс аптасының алғашқы күнінде қоғамдық тыңдау өткізіліп, жұртшылыққа Атырау мұнай өңдеу зауытының 2015-2017 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шараларының жоспары таныстырылды. Қоғамдық тыңдауға қадағалаушы орган басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, журналистер мен қала тұрғындары қатысты.
Қоғамдық тыңдауды «Атырау МӨЗ» ЖШС бас директорының даму және жаңарту жөніндегі бірінші орынбасары Рүстем Бисалиев ашып, зауыттың өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағыттаған жобалары жұртшылық тарапынан қолдау табатынына сенім білдірді. Содан соң зауыттың табиғат қорғау бөлімінің бастығы Өтесін Уандықовтың таныстырылымына кезек берілді. 2003 жылы атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың эмиссиясы 10,9 мың тонна болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 3,178 мың тонна мөлшерінде болған. Ал ағынды сулармен бірге шығарылатын мұнай өнімдерінің эмиссиясы 2002 жылы 144 тонна деңгейінде болса, былтыр бұл көрсеткіш 2,43 тонна деңгейін құраған. Бұл Атырау мұнай өңдеу зауытының экология саласындағы жетістіктерін айғақтайын деректердің бір парасы ғана. Соңғы он жылдағы экологиялық көрсеткіштерге жан-жақты тоқталған баяндамашы 2015-2017 жылдарға межеленген іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Жоспар ауа бассейнін қорғау, су ресурстарын қорғау және рационалды тұтыну, флора мен фаунаны қорғау, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс, басқару жұйелерін және озық қауіпсіз технологияларды қолдану, экологиялық оқыту және үгіт-насихат сынды негізгі алты бағыттан тұрады. Су ресурстарын қорғау және рационалды тұтыну бойынша өнеркәсіптік ағындарды тазарту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылмақ. Солардың бірі – «АСБТҚ /БОСВ/ тазартылған суды тұзсыздандыру және салқындату қондырғысының құрылысы» жобасы. Мұндағы мақсат – АКШ және МТӨ кешендеріне қажеттілікті ескере отырып, тазартылған судың құрамындағы тұз мөлшерін азайту және су температурасын төмендетудің арқасында тазартылған суды өндірісте қайта қолдану деңгейін 20 пайыздан 80 пайызға дейін арттыру.
2015-2017 жылдарға жоспарланған іс-шаралардың қатарында «Механикалық тазарту имараттары» қондырғысын қайта жаңғырту» жобасы да бар. Өтесін Уандықовтың айтуынша, бұл жоба озық технологияларды енгізе отырып, қондырғы өнімділігін арттыру мақсатын көздейді. Соның нәтижесінде қондырғы ароматикалық көмірсутектер шығару кешені мен мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің ағындарын қабылдауға мүмкіндік алады. Бұған қоса, ашық сыйымдылықтар (буланатын) қысқарып, тиісінше ауаға шығарылатын ластағыш заттар жылына 460 тоннаға дейін азаймақ.
Сондай-ақ, №5 цехтың баяк кокстеу қондырғысының ағынды суларын тазарту имараттарында градирня салу жоспарланып отыр. Бұл кокс өндірісі процесінде тазартудан өткен суды қайта қалдану коэффициентін арттырып, су блогының айналма су шығынын төмендетеді. Сондай-ақ, ағынды суларды тазарту қондырғысыларының жүткемесі де айтарлықтай азаятын болады.
Осы жылдың соңына дейін жобалау жұмыстарын аяқтап, мемлекеттік экспертиза қорытындысын алу көзделген. Одан соң инвестициялық жоспарлау тәртібіне сай, 2015 жылы жүзеге асыра бастау туралы шешім шығару үшін «ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг» АҚ қарауына ұсынылмақ.
Тілге тиек етіп отырғанымыз тек су ресурстарын қорғау және оларды ысырапсыз пайдалану бағытындағы жұмыстар ғана. Жоспардың өзге бес бағыты бойынша да қоршаған ортаға оң ықпалын тигізетін іс – шаралар қарастырылған.
Таныстырылымнан соң кезек жұртшылыққа берілді. Академик Муфтах Диаров буландыру алаңындағы экологиялық ахуал, жер асты суларының зерттелуіне қатысты бірнеше сауал жолдады. Академиктің айтуынша, халық арасында «Тухлая балка» аталып кеткен буландыру алаңы Каспий теңізінен бар-жоғы шамамен 7-8 шақырым қашықтықта орналасқан. Теңіз суының деңгейі көтеріліп, буландыру алаңымен ұштасатын болса, бұл жағдай теңіз фаунасына орасан зиянын тигізбек. 27 шаршы километрді құрайтын буландыру алаңының 15 гектары Атырау мұнай өңдеу зауытының иелігінде. Жүйелі түрде жүргізілетін экологиялық сараптамалар нәтижесі бұл аумақта шектік нормадан ауытқушылықтың жоқ екендігін көрсетіп жүр. Тіпті, бұл көрсеткіштерге сүйенбесек те, сол аумақты мекен еткен аққу-қазға қарап, экологиялық жай-күйді бажайлай беруге болады.
Ал енді жерасты суларына келер болсақ, олардың да химиялық құрамы үздіксіз бақылауда ұсталады. Мұны қамтамасыз ететін 32 ұңғыма болса, оның тең жартысы санитарлық қорғаныс аумағында. Жерасты сулары 6 метр тереңдікте орналасқан, химиялық құрамы тұрақты және нормаға сай.
Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім бастығы Сапарбай Қуанышев жаңа кешендердің іске қосылу себепті ауа сапасын бақылайтын автоматты стансалар санын көбейту мәселесі неліктен жоспарға енгізілмегендігі туралы сауал қойды. Айта кету керек, бүгінде зауыт меншігінде атмосфералық ауа сапасын бақылайтын 4 автоматты станса жұмыс жасап тұр. Ароматикалық көмірсутектер кешені құрылысының жобасында көзделген бұл стансасалар облыс әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес мерзімінен бұрын пайдалануға берілген. Тиісінше, стансалар санын көбейту жоспарланбаған.
«Заман» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әсел Нұрғазиева санитарлық-қорғаныс аумағын көгалдандыру жұмыстары сұрағын жолдады. Бұл тақырыпта сөз алғандардың көбі зауытты периметр бойынша, яғни, айнала көгалдандырудың мүмкіндіктерін қарастыру керектігін айтты. Қайта жаңғыртудың бірінші кезеңінде санитарлық – қорғаныс аумағы 5,2 гектар көлемінде болса, бүгінде кқгалдандыру аумағы 16,5 гектарға жетті. Ароматикалық көмірсутектер шығару кешені құрылысының жобасы аясында 191 гектар жер көгалдандырылып, абаттандырылған. Ал мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені жобасы шеңберінде 115 гектар жерге тал отырғызу көзделген болатын. Алдын ала жүргізілген сараптама нәтижесінде олардың тек 65,3 гектары ғана көгалдандыруға жарамды екені анықталып, Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне қосымша жер учаскелерін бөлу туралы өтініш жасалған болатын. Алайда, бұл қанағаттандырылмады. Ал көпшілік сөз еткен зауытты айнала көгалданыру мәселесінің қиындығы сол – жер учаскелері өндірістік мақсатта жеке меншікке берілген.
Естеріңізде болса, санитарлық қорғаныс аумағының кеңеюіне байланысты үйлері осы аумаққа сәйкес келетін Перетаска тұрғындарын басқа жерге көшіру туралы шешім шығарылған болатын. Қоғамдық тыңдауда жолданған сауалдардың бір легі осы тақырыпта болды.
Қоғамдық тыңдау жұмысын қорытындылаған төраға, Жайық-Каспий Орхус орталығы директоры Шынар Ізтілеуова зауыт басшылығын жұртшылықпен жиі жүздесуге шақырды. «Халық әкімшіліктің немесе зауыттың неге өкілетті екендігін, өкілеттілік шекарасын білуі тиіс. Қоғамдық тыңдау сол үшін қажет»,- деді ол өз сө
Назад к списку новостей