Бұқаралық жүгіруде зауыттықтар “Белсенді ұжым» деп танылды

06.03.2015
683 просмотров

Өткен жексенбіде Атырау қаласы мен  облысымыздың барлық аудандарында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған бұқаралық жүгіру өтті. 

Салтанат сарайынан  Исатай-Махамбет алаңына дейінгі  2 км 950 метр ара қашықтықты жүгіріп өткендер қатарында жас бала да, жетпістегі қария да болды.  Барлығы 20 мыңдай адам қатысқан бұл шараға Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері де  белсене ат салысты. - Ауа райы керемет! Жүгірушілердің арасында біздің зауыттықтар өте көп. Әріптестерімнің арасынан мәре сызығын бірінші боп мен кестім. Бүгінгідей шараға қатысқаныма қуаныштымын. Біраз бой сергітіп алдық, - дейді орталық зауыт зертханасының қызметкері Анна Волчева.

Мәре сызығына жеткен желаяқтарды этно-мәдени бірлестіктердің қатысуымен әзірленген мерекелік  бағдарлама  күтіп тұрды. Жиналғандарды Ассамблея мерейтойымен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев бұқаралық жүгірудің белсенділеріне Алғыс хат табыстады. Ал ұжымдар арасынан суырылып алған шыққан  Атырау мұнай өңдеу зауыты «Белсенді ұжым» номинациясы бойынша марапатталды.
Мерекелік шараға жиналғандар облысымызды мекен ететін өзге ұлт өкілдерінің өнерлерін тамашалап, әр ұлттың салт-дәстүрінен сыр шертетін көрмелерді аралап көрді. Осылайша ұлтаралық татулық  пен ел бірлігі дәріптелген мереке жалпыхалықтық сипат алып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу