Бірауыздан қолдау білдірді

13.03.2015
630 просмотров

Атырау мұнай өңдеу зауытында Қазақстан Республикасы Президенттігіне  кандидатураны  талқылауға арналған еңбек ұжымының жиналысы болып өтті. 

Наурыздың 11-інші жұлдызында  Елордада «Нұр Отан» партиясының    ХVІ –шы съезі өтіп, онда «Нұр Отан» партиясынан Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы қаулы қабылданған болатын.  Жиын барысында съезд делегаты,  партияның республикалық саяси кеңесінің  мүшесі, «Атырау МӨЗ» ЖШС бас директоры Қайрат Оразбаев еңбек ұжымымен өз әсерін бөлісіп, Елбасының ыстық сәлемін жеткізді.

 - Делегаттардың 20 пайызын бастауыш партия ұйымдарының мүшелері құрады. Бұл - бұрын болмаған көрсеткіш. "Нұр Отан" партиясының республикалық саяси кеңесінің мүшесі ретінде  партия биылғы 2015 жылды бастауыш ұйымдарды қолдау аясында өткізетіндігін атап өткім келеді. Бүгінде партиямыздың 5600-ге жуық бастауыш ұйымы болса, оларға  850 мың  адам мүше. Бұл -  Қазақстандағы әрбір тоғызыншы сайлаушы деген сөз, - деді зауыт басшысы. Сондай-ақ,  Қайрат Оразбаев   Мемлекет басшысының съезд барысында бес институционалдық реформа    ұсынғандығын,  бұл  реформалардың оң нәтиже беріп, қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығына кепіл болатындығына сенім білдірді. Өз сөзінде Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жетістіктерді де тілге тиек еткен ол бұған  мемлекеттің  кәсіпорынға деген оң көзқарасының арқасында қол жеткендігін де атап өтті.  Кәсіпорын басшысының «Атыраулық мұнай өңдеушілердің  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезектен тыс Президент сайлауына үміткер ретінде ұсынылуын толық қолдаймыз!» деген сөзіне зауыттықтар тоқтаусыз соғылған  қол шапалақпен  қолдау білдірді.

Осы орайда  Ақмарал Ғұсманова, Юрий Кустадинчев, Өмірхан Жақсығалиевтер сөз алып,   мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуін Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстыратындықтарын айтты. Съезд шешімін қолдайтындықтарын жеткізген олар  елдің кемел келешегіне өз сенімдерін білдірді.   

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу