Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Жайық өзені бойынша экологиялық және тарихи-мәдени Қазақстан-Ресей экcпедициясы шеңберінде Атырау, Батыс Қазақстан облыстары және Ресей Федерациясының Орынбор облыстарымен бірлесе «Таза жағалау» акциясын ұйымдастырған болатын
Аталмыш басқарма тарапынан акцияға қолдау білдіру жөнінде келіп түскен ұсынысты Атырау мұнай өңдеу зауыты да құптады. Зауыттықтар су жиналғыдан бастап жаяу жүргіншілер көпіріне дейінгі жағалау аймағын тұрмыстық қалдықтардан, өзге де қоқыстардан тазартып, акцияға белсене қатысты. Сенбілікке ұйымшылдықпен атсалысқан зауыттықтар осылайша Жайық жағалауының эколологиялық ахуалын жақсартуға өз үлестерін қосты.