Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» атты ұлт жоспарын ел назарына ұсыну

07.08.2015
705 просмотров

Үстіміздегі жылы   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «100 нақты қадам»  атты  ұлт жоспарын ел назарына ұсынып,   мұның  жаһандық және ішкі сын-қатерлерге, сонымен қатар  жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жоспар екендігін айтқан болатын. Реформаларды жүзеге асыру – алда тұрған 10-15 жылға бірінші кезекті жалпыұлттық міндет.

Ағымдағы жылғы  тамыздың 5-інде 100 нақты қадам «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» ұлт жоспарын  түсіндіру бойынша құрылған Атырау облыстық ақпараттық тобының мүшелері зауытта болып, еңбек ұжымымен жүздесті. Индустрияландыру және экономикалық өсім  бағытындағы қадамдарды насихаттау  мақсатында өткен жиынды зауыт кәсіподағының төрағасы, «Нұр Отан»   зауыттық бастауыш партия ұйымының жетекшісі Кенжебек Шахметов жүргізді. 

Ұлт жоспары  мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау,сот жүйесін жетілдіру, экономикалық көшбасшы беріктігін қамтамасыз ету, біртектілік, мемлекеттік аппараттың жұмысын мейлінше ашық етіп, азаматтарға есеп беретіндей деңгейге жеткізу сынды бес маңызды реформаны қамтиды. 

Бес реформаның әрқайсысы бойынша 20 қадамнан бекітіледі, осылайша «100 қадам» айқындалып, ол тұтастай ұлт жоспарын құрайды.

Шарада алғаш боп сөз алған кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлзада Қайырғалиева ұлт жоспарындағы  индустриялық – инновациялық даму бағытында белгіленген міндеттерге жекелей тоқталып, Атырау өңірінде атқарылып жатқан іс-шараларға қысқаша шолу жасады. Баяндамашының айтуынша, мемлекеттік үдемелі – индустриялық даму бағдарламасы аясында өңірде 44 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген.  Алғашқы бесжылдығы қорытындыланған бұл бағдарлама шеңберінде 76 млрд теңгені құрайтын 35 жоба іске асырылып, 2000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Биыл олардың қатары тағы 5 серпінді жобамен толықпақ. Гүлзада Қайырғалиева мемлекет тарапынан көрсетілетін кәсіпкерлікті қолдау шараларына да жан-жақты тоқталып өтті. Бұл бағытта «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы  аясында қарастырылыған қайтарымсыз қаражат, мемлекеттік субсидия, ішінара кепілдендіру сынды жеңілдіктер жөнінде хабардар етті. Оның сөзінше, мұндай жеңілдіктер өзге мемлекеттерде көрсетілмейді. Сондықтан алыс-жақын шетелдерден Қазақстанда өз бизнесін ашуға ниет білдіріп келетін  кәсіпкерлер саны жыл сайын көбейіп келеді.   Берілген мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырған кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары өз кәсібін бастауға ықыластылар үшін қолайлы жағдай жасалғандығын  нақты дәйектермен дәлелдеп берді. Ал Елбасы ұсынған Ұлт жоспары бұл жұмыстарды одан сайын жандандыра түспек.

Жиын барысында сөз алған  энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ақылбек Байшаханов Ұлт жоспарындағы электр энергетикасы саласын қайта құру, «бірыңғай сатып алушы» моделін енгізу, өңірлік энергетикалық компанияларды ірілендіру, аталған секторға инвестиция тартуды ынталандыру және жаңа тариф саясатын енгізу мақсаттарын көздейтін қадамдарға түсініктеме берді.

Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Гүлзия   Құрманова өз сөзінде Жер кодексіне және басқа да заң актілеріне енгізілетін өндірістер туралы баяндаса, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бас маманы Самат Шандыбаев  алдағы уақытта ұлт жоспарында белгіленген міндеттерге орай халыққа көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері оңтайландырылатындығын айтты. Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Әйіпқали Дәулетияров кәсіподақтар қызметін реттейтін жаңа заң талаптарына байланысты  қолданыстағы ҚР Еңбек кодексіне енетін өзгерістер жөнінде хабардар етті.  Еңбек қатынастарына қатысты өз пайымын білдірген ол Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысшылары тарапынан осы уақытқа дейін инспекцияға бірде-бір шағым түспегендігін айтып, мұның зауыттағы еңбек қатынастарының жоғары деңгейде  ұйымдастырылғандығын айғақтайтын   жоғары көрсеткіш екендігін атап өтті. Сондай-ақ, зауыт әкімшілігі мен кәсіподақ арасындағы ұжымдық шартты да өңірдегі әлеуметтік тұрғыда жан-жақты қамтылған үлгілі, толыққанды құжат деп бағалады.

Ұлт жоспарын насихаттауға арналған жиында  зауыт жастарының көшбасшысы Юрий Кустадинчев те сөз алып, ұлт жоспары Қазақстады 30 дамыған мемлекеттің қатарына бастарына сенім білдірді. 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу