Біздің бастауыш ұйым үздіктер қатарында

12.12.2015
566 просмотров

11 желтоқсанда «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратында «Үздік бастауыш ұйым» және «Нұр Отан» партиясының ең үздік қабылдау бөлмесі» республикалық байқауларының қорытынды рәсімі болып өтті. Байқау шартына сәйкес әрбір аймақтық филиалдан 3 санат байынша барлығы 45 БПҰ ақырғы кезеңге қатысу үшін Астанаға шақырылып, нәтижесінде 12 жүлдегер марапатталды.  Соның ішінде «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымы жүлделі екінші орынға ие болды.

Кез келген партияның негізін бастауыш партия ұйымдары құрайтындығы белгілі. Олардың жұмысын жандандыру қоғамның саяси сауаттануына, жұртшылық пен партия арасындағы бай­ланысты бекемдеуге өзіндік ықпал ететіндігі анық. Сондықтан да «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарына басымдық беріліп, жұмысын байқаулар арқылы саралау, сол арқылы жұмыс тиімділігіне баға беру ісі жолға қойылды. Республикалық байқауға қатысушылар ұсынған байқау материалдары жан-жақты қаралған. Бірінші байқау бойынша бағалау 3 кезеңнен құралып, партиялық жобаларды іске асыруға қатысу, ішкіпартиялық жұмыс, партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, БПҰ жетекшісін бағалау сынды 7 кретерий бойынша жүргізілді. Тиісінше, екінші байқау жеңімпаздарын анықтауда ең басты бағалау көрсеткіші болып қоғамдық қабылдау бөлмелерінің азаматтардың мәселелерін шешу нәтижесі мен тиімділігі алынды. Байқауға қатысушы бастауыш партия ұйымдарыынң жұмысын Орталық партия аппаратының басшылары мен қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракция мүшелері саралады. Байқаудың Астанадағы соңғы сатысында 12 бастауыш партия ұйымы алдыңғы қатарға шықты. Соның ішінен үздіктер анықталды. Атап айтқанда, бірінші жүлделі орынды Ақтөбе облыстық кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау қауымдастығының бастауыш ұйымы, екінші жүлделі орынды «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бастауыш партия ұйымы, ал, үшінші жүлделі орынды Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округі әкімдігінің бастауыш партия ұйымы иеленді.          Республикалық байқауда жүлделі орын алу біздің зауыт үшін үлкен жетістік. Кәсіпорында «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымы 2002 жылы құрылған. Бүгінде зауытта 210 партия мүшесі бар. Нұротандықтар тек зауытішілік ғана емес, облыстағы қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысып келеді. Партияның алға қойған тұғырнамасын жүзеге асыру мен халықтың мүддесі үшін тиімді жұмыс жүргізген зауыт партия ұйымы жыл басында облыста «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдары ішінде ең үздігі саналған.

« - Соңғы екі жылда біздің бастауыш партия ұйымының жұмысы жанданды. Зауыттағы әрбір нұротандықтың міндеті айқын белгіленген. Партия мүшелігіне қабылдау өте қатаң тәртіппен жүргізледі. Сондықтан бастауыш партия ұйымын саяси сауатты еңбек озаттары мен қоғамдық жұмыс белсенділері құрайды. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры, «Нұр Отан» партиясы республикалық саяси Кеңесінің мүшесі Қайрат Оразбаев партия бастауыш ұйымының жұмысына үлкен қолдау білдіріп келеді. Біздің әрбір бастамамыз зауыт басшылығының назарынан тыс қалған емес. Біздің де үздіктер қатарынан көрінуімізге кәсіпорындағы әрбір партия мүшесінің өз үлесі бар»,- деп атап өтті «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының төрағасы Кенжебек Шахметов.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу