«Көшбасшы- 2015» жастар байқауының жеңімпазы

14.12.2015
567 просмотров

2015 жылдың 9 желтоқсанында Атырау қаласында жастар арасындағы «Көшбасшы-2015» байқауының қорытындысы жарияланды.

Байқауды өткізуге Атырау қаласының әкімдігі мен «Жас өрен» жастар қоғамы мұрындық болған. Байқауға қатысуға 14-29 жас аралығындағы жастар шақырылды. Қатысуға тілек білдірген жастар төмендегі номинациялар бойынша бақтарын сынады: «Үздік журналист», «Үздік еріктілер тобы», «Үздік жастар бірлестігі», «Үздік мәдениет қайраткері», «Үздік жыл кәсіпкері», «Үздік полицей», «Үздік мемлекеттік қызметші», «Үздік мұғалім», «Үздік дәрігер», «Үздік мұнайшы», «Үздік ғалым», «Үздік фотосуретші», «Үздік студент», «Үздік белсенді», «Үздік спортшы» және «Жыл адамы».

Қаланың шығармашылық жастарынан келіп түскен байқау жұмыстарын Атырау қалалық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің, қоғамдық ұйымдар, зиялы қауым өкілдерінен құралған қазылар алқасы саралады.

Осы сындарлы байқауда Атырау мұнай өңдеу зауыты күрделі құрылыс бөлімінің механика жөніндегі маманы Юрий Кустадинчев «Үздік мұнайшы-2015» номинациясының дипломанты атанды. Құрмет дипломын әріптесімізге «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қанат Әзмұханов табыстады.


Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу