Тәуелсіздік – жасампаздық мерекесі

15.12.2015
557 просмотров

Атырау мұнай өңдеу зауытының бірыңғай операторлар залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанаттты жиын болып өтті. Салтанат Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.

Мерекелік салтанатта мұнай өңдеу кәсіпорнының ұжымын «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Қайрат Оразбаев құттықтады.

      «...- Құрметті зауыт жұмысшылары! Сіздерді еліміздің басты да қастерлі мерекесі –Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!     

Жуырда, 30 қараша күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауын – еліміздің алдағы дамуын екшейтін тарихи құжатын жариялады. Жолдау әрқайсымызға арналған және Қазақстанның қуатын асыруға, дамытуға топтастырады.  Біздің зауыт тәуелсіздік алған жылдары бірнеше өзгерістерді бастан өткерді. Экономиканың нарықтық қатынасқа өтуі зауыттықтар үшін аса ауыртпалықты сездірген жоқ. Тек 90-шы жылдардың аяғында кәсіпорынның жұмысы қиындай түсті. Табыс жоспарлағандай болмады. Зауыттың «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобына кіруімен өндірісі жандана бастады. Кәсіпорынның бет- бейнесі соңғы 10 жылда түбегейлі өзгерді десе де болады. Оған осындағы ұжымның бірлігінің, ерен еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Зауытта қайта жаңғыртудың екі кезеңі сәтті аяқталды. 2015 жыл – Атырау мұнай өңдеу зауытының мерейтойлы жылы, жаңа өнім- бензол мен параксилол алынды. Бірінші іске қосу кешенін пайдалануды қабылдау Актісіне қол қойылды. Біз бүгінде отындық нұсқамен жұмыс істеуді жолға қойып, жоғары октанды бензиннің өндірісін ұлғайттық. Одан бөлінетін зиянды бензол бөлек тауарлық өнім ретінде шығарылады. Кешеннің іске қосылуы үстіміздегі жылда өз нәтижесін беріп, зауыт былтырғы жылмен салыстырғанда нарыққа 234 мың тонна бензинді артық өндірмек. Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы жоспарлы жүргізілуде. Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерейтойына жобаның механикалық кезеңін аяқтап, іске қоспақпыз. Біз осы жылды сәтті аяқтадық. Мен 2016 жылдың да өз жетістігі болады деп сенемін! Тағы да мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге және отбасыларыңызға береке, баянды бақ-дәулетке кенелулеріңізді тілеймін!»,-деді Қайрат Оразбаев.    

Мерекелік салтанатта әріптестерін зауыттың Орталық зертханасының лаборанты Райхан Хасанова, хош иісті көміртсутегі кешені өндірістік қондырғысы жөніндегі бастығының орынбасары Мейірман Бекхожаев, ЖЭО машинисі Александр Матенко және ИСМ бөлімінің бастығы Нұрбек Қонысовтар Тәуелсіздік Күнімен құттықтады. 

Тәуелсіздік мерекесінде зауыттың бір топ қызметкері жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды. Салтанат көпшіліктің шырқауында «Атамекен» әнімен аяқталды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу