Достықты паш еткен кітап

21.01.2016
573 просмотров

Облысты мекендейтін ұлттар мен ұлыстың тыныс-тіршілігі мен қоғамдағы ролін екшейтін «Атырау этностары» атты кітап жарыққа шықты. Облыстық әкімдікте Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің, ғылыми-сараптамалық және сарапшылар топтарының, әкімдік өкілдері мен қоғамдық ұйымдар басын қосқан жиында жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

Қазір Атырау облысында 17 этномәдени бірлестік жұмыс жасайды. Олар бір-бірімен тығыз байланыс орнатып, аймақта өткізілетін түрлі шараларға белсене араласады. Этномәдени бірлестіктер жанында өз ұлтының биі мен мәдениетін насихаттайтын үйірмелер де бар. Өңірдегі Қазақстан халқы ассамблеясы құрамындағы этномәдени бірлестіктер өкілдері атқарып отырған жұмыстар, олардың татулығы мен достығы, үкіметтік емес және басқа да қоғамдық бірлестіктермен арадағы қарым-қатынасы жайлы деректерді «Атырау этностары» деп аталатын жаңа кітаптан табуға болады.

Бұл кітап «Алтын кітап» баспасынан 1000 дана таралыммен үш тілде – қазақша, орысша және ағылшынша жарық көрді. Кітапта «Этносаралық қатынас саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдылық міндеттері», «Этномәдени бірлестіктер» және «Атырау облысының Қазақстан халқы ассамблеясы» деген үш тарау бар.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу