Кавказдағы қысқы демалыс

22.01.2016
594 просмотров

2015 жылдың 29 желтоқсаны мен 2016 жылдың 11 қаңтары аралығында зауыттықтардың балалары Железноводск қаласының Бештау тауының баурайыңдағы орманда орналасқан «Қазақстан геологы» пансионатында қысқы каникулдарын өткізді

Балаларға зауыттың қызмектерлері Ербол Оспанов пен Нұрсұлу Қалмұратова жол бойы мен демалыстарында жетекшілік етті.

Айта кеткен жөн, Кавказдағы демалыс орны әлімсақтан атыраулық балалардың сүйікті мекеніне айналған. Мұнда қашанда, қыс мезглі болсын, жаз болсын балғындарды таза табиғат пен әсем тау бөктері жылы шыраймен қарсы алады. Қысқы каникулда демалысқа барған зауыттықтардың балалары Жаңа жылды осы пансионатта өткізді. Жаңа жылды қарсы алу кешінде балалардың бәрі де карнавалдық костюмдер киіп, Аяз атаға өз өнерлерін паш етті.

Демалушыларға каникулда қызықты іс-шаралар арнайы жасақталған болып шықты. Балалар әр күнін мәнді де мағыналы өткізді. Пятигорск қаласына саяхаттап барып, орыстың ұлы ақыны М.Ю.Лермонтовтың жүрген жерлерінде болып, шығармашылығына қанықты. Сондай-ақ, Лермонтово қаласында спорт-клубқа барып, салт атпен қыдырды. Кисловодск қаласында               дельфинарийде болып, театрында операны тамашалады.  

Осылайша қысқы каникул балалар үшін естен кетпес әсер қалдырды. Балалар мен ата-аналар осындай қызықты демалыс ұйымдастырған зауыт басшылығы мен кәсіподақ комитетіне алғыстарын айтады.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу