Кешен құрылысының барысымен танысты

25.01.2016
609 просмотров

21 қаңтарда Атырау мұнай өңдеу зауытында «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары- «ҚазМұнайГаз өңдеу-маркетинг» АҚ Бас директоры Данияр Тиесов жұмыс сапарымен болды.

Күннің алғашқы жартысында ол мұнайды терең өңдеу кешені құрылысының барысымен танысты.  Кешенді аралап көрген соң, инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша арнайы жиналыс өткізді. Оған «ҚазМұнайГаз өңдеу-маркетинг» АҚ мұнай өңдеу зауыттарын қайта жаңғырту жобалары жөніндегі департаментінің директоры Данияр Ашимов, «Sinopec Engineering (Group) Co., Ltd.» және НГСК «КазСтройСервис» АҚ компанияларының басшылығы, «Marubeni Corporation» компаниясының өкілі Кен Андо қатысты. Жиналыста кешен құрылысына қатысты бірнеше мәселе талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.  Атап айтқанда, «Sinopec Engineering (Group) Co., Ltd.» 2016 жылдың ақпан айында жұмыс көлемінің ұлғаюын есепке ала отырып, «Мұнайды терең өңдеу кешені құрылысы» жобасының жаңартылған кестесін жасақтауы қажет. Кесте келер айдың басында тапсырылуы тиіс. Сондай-ақ, бас мердігерге Синцзян (ҚХР) қаласынан құбырларды жедел тасымалдауға нұсқау берілді. НГСК «КазСтройСервис» АҚ -на алда аралық жұмыстарға қажетті қондырғылар мен материалдарды нақты уақытында әкелу, мерзімінен кешіктірмеу талап етілді. Жиналысты қорытындылаған Д.Тиесов жобаның ел экономикасы үшін маңызды екенін атап өтіп, мердігерлерге құрылысты жауапкершілікпен және сапалы жүргізуді нықтады.  Кешен құрылысына қатысты келесі жиынды наурыз айында өткізу межеленді.  

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу