Еңбекті оңтайландыру – өндіріс технологиясын жетілдіру

27.01.2016
568 просмотров

Ондаған жылдар бойы Атырау мұнай өңдеу зауытында отын-энергетикалық, қаржы ресурстарын, шикізатты және еңбек әлеуетін үнемдеуге, өндірістік технологияларды жетілдіру, техникалық жаңалықтарды дамытуға мүмкіндік беретін еңбекті оңтайландыру қозғалысы жұмыс жасап келеді.    

Зауыт жұмысшылары оған қашанда белсенді қатысып келеді, әлі де өз кәсіпорнын дамытуға бей-жай қарамайтындар үлестерін қосуда. 2015 жылы зауыт қызметкерлері тарапынан еңбекті оңтайландыруға 43 ұсыныс түскен, техникалық Кеңес оның ішінен 35-ін мақұлдады. 17 оңтайландыру ұсынысы өндіріске енгізілді, 3-уі қайта жетілдіруге жіберіліп, 5-уі қабылданған жоқ.   

2015 жылдың желтоқсан айында инновациялық жаңашылдықтарды насихаттау мен өнертапқыштарға қолдау көрсету мақсатында зауытта дәстүрлі «Еңбекті оңтайландыру үздігі» байқауы өткізілді.  Байқауда техникалық Кеңес мақұлдаған оңтайландыру ұсыныстары қаралып, оның ішінен үздіктер санатына 3-уі таңдалды. Комиссия шешімімен жүлделі 1 орынға лайықты ұсыныс танылмады.  

Екінші орын 2015 жылдың 03 желтоқсанындағы №15-1181-43 «Бензин фракцияларын іріктеуді ұлғайту мақсатында АТ-2 блогында К-1 эвапораторының жұмысын ұтымдастыру» ұсынысына берілді.  

Авторлары:  

                           МӨАКӨ жетекші инженері                          Е.Д. Зинолдиев

  Техникалық бөлім бастығының орынбасары                      В.С. Карабасов

Үшінші орынды төмендегілер өзара бөлісті:

  1. 2015 жылдың 27 қарашасындағы №15-1173-35 «БУ/TEL -100/220-12-0,2 А, 0,3 вакуумды сөндіргіштерімен блокты басқару диагносикасының пульті» ұсынысы.

Авторлары:  

             «МУ-7» ЖШС инженері                                 А.Ж. Тажигали

«МУ-7» ЖШС электромонтері                       С. Култаев

«МУ-7» ЖШС электромонтері                        А.У. Кадырбаев

  1. 2015 жылдың 17 тамызындағы №15-1160-22 «Калибрлеу кестесін құрастыру, калибрлеу қисығының есебі»   ұсынысы.

Авторлары:   

              «ОЗЗ» ЗО инженер-бағдарламашысы           Р.Ш. Курамшин

    «ОЗЗ» ЗО сапа жөніндегі инженері               Ш.А. Курамшина

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу