Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық

02.02.2016
593 просмотров

Астанада «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі өтті.

Ауқымды шараға елден екі мыңнан аса нұротандық жиналды. Атырау облысынан съезге 34 делегат қатысты. Солардың ішінде- «АМӨЗ» ЖШС бас директоры, «Нұр Отан» партиясы республикалық саяси Кеңесінің мүшесі Қайрат Оразбаев және зауыттағы партия ұйымының төрағасы Кенжебек Шахметов бар.       

Съезде негізгі баяндаманы Елбасы Н.Назарбаев жасап, партия алдындағы жаңа нақты міндеттерді нықтады. Сондай-ақ, Парламент Мәжілісі сайлауы алдындағы «Қазақстан-2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты жаңа бағдарлама танысытырылды. Бағдарлама қабылданғаннан кейін 20 наурызда өтетін Парламент Мәжілісінің сайлауына үміткерлердің партиялық тізімі бекітілді. Елбасы партияның сайлауалды бағдарламасын делегаттарға таныстыру барысында атап өткендей, құрылғалы 17 жылдан бері «Нұр Отан» партиясы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, мемлекет пен қоғамның алға жылжуына зор ықпал етті. Осынау жылдар ішінде ұлттық экономиканың жалпы көлемі 23 есе артып, соңғы 6 жыл ішінде 28 жаңа сала пайда болды, 890 жаңа өндіріс ашылды, елде бұрын-соңды өндірілмеген 400 –ден аса өнім түрі шығарыла бастады. Жалпы ішкі өнім бір адамға шаққанда 17 жылдан бері 20 есе өскен.    

Елбасы өз сөзінде партияның Сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген міндеттер мерзімнен бұрын орындалғанын айтты.Съезде партияның «Қазақстан – 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» жаңа сайлауалды бағдарламасы алдағы бес жылдағы дамудың негізгі бағыттарын айқындайды. Партиялық бағдарлама бес институционалдық реформа шеңберіндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттарын ескеріліп әзірленді. Жаңа партиялық құжат бес бағытта жүзеге асырылмақ:

1. Дағдарысқа қарсы тұрақтандыру;

2. Экономиканы құрылымдық тұрғыдан жаңғырту;

3. Қазақстандықтардың тұрмыс сапасының жаңа стандарттары;

 4. Конституциялық патриотизм мемлекеті; 

5. Өңірлік тұрақтылық, интеграция және қауіпсіздік.

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отанның» барлық саяси күштермен сындарлы өзара іс-қимыл жүргізуге әзір екенін атап өтті. – Мен партияның барлық филиалдары мен ұйымдарының сайлауға дайындық жұмысын белсене жүргізіп, жеңіске жетулеріне тілектестік білдіремін. Сайлауалды бағдарламамызды әрбір сайлаушыға жеткізу керек. Біздің ортақ мүддеміз – тұрақты, біртұтас және өсіп-өркендеген Қазақстан, – деді Мемлекет басшысы.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу