Кешен жобасын геодезиялық қамтамасыз ету

04.02.2016
656 просмотров

«Атырау МӨЗ мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобасын жүзеге асыру мақсатында 13 технологиялық нысан мен 48 жалпызауттық шаруашылық нысандарында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, бір мезетте өнеркәсіптік және тұрмыстық кәріз жүйелері мен ауыз су, өртке қарсы күресті қамтамсыз ету үшін арнайы құбырларды төсеу, технологиялық құбыржолдар салынуда.  

«Мұнайды терең өңдеу кешені» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге құрылыс алаңдары бас мердігер  "Sinopec Engineering (Group) Co.,LTD" ҚФ-на уақтылы актімен тапсырылды. Жобаға қажетті құрылыс нысандарының географиялық және биіктік ахуалының дәлдігін қамтамасыз ету үшін бас мердігерге геодезиялық қадабелгілердің орны мен координаттары берілді.  Осы қадабелгілердің негізінде барлық орындау түсірілімдері мен орындау сызбасы жасалады.

Сондай-ақ, жобаға 21 қазақстандық қосалқы мердігер компания қатысуда. Олардың әрқайсысында нысанның геометриялық параметрлерінің дәлдігіне жауап беретін және орындау құжаттамаларын рәсімдей алатын білікті инженер-геодезистер бар.  Геодезиялық жұмыстардың уақтылы жүргізілуі мен сапасы қатаң бақылауда. Жобаны геодезиялық қамтамасыз ету құрылыстың кестесімен жүргізілуде.   

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу