Өнім сапасы – қатаң бақылауда

05.02.2016
577 просмотров

Отандық мұнай өңдеу зауыттарынан шығатын бензиннің барлық түрлері қауіпсіздік нормаларына сай тиісінше стандарттарға сәйкестендірілген. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС ұйымдастырған «Экология. Отын сапасы. 

Заманауи автокөліктерді пайдалану» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында мәлім болды. Жалпы өндірілетін отын сапасы мен оны бақылау –басты міндет. «ҚазМұнайГаз» отандық бензин мен дизель отынының сапасын ұдайы жақсартып отыруға көңіл бөліп келеді. Ол үшін қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары өнім сапасын қадағалайтын қажетті зертханалық қондырғылармен толықтай жабдықталған.        

Олардың ішінде Атырау мұнай өңдеу зауытындағы «ОЗЗ» Сынақ орталығы 20 жылдан бері Қазақстан Республикасы Ұлттық акредитация жүйесінде бағалы өз орнын иемденген. Ал, 2012 жыдан бастап «ОЗЗ» СО Кедендік Одақтың сынақ зертханалары /орталықтары/ және сертификат органдарының Бірыңғай реестріне енгізілген. Орталық зауыт зертханасы республикалық және халықаралық дәрежеде автокөлік бензині мен дизельді отынды сынақтан өткізудегі жоғары көрсеткіштерімен жыл сайын қажеттілігін дәлелдеп келеді. Зауыт өнімінің сапасы қалай тексерілетіні жөнінде біз «ОЗЗ» Сынақ орталығы бастығының орынбасары Сәния Меңдібаевадан білген едік.       

 - Сәния Ғаниқызы, Атырау мұнай өңдеу зауытында қандай өнімдер шығарылады?

-  Біздің зауыт мынадай өнімдер шығарады: К-2 экологиялық санатындағы  АИ-98, АИ-95, АИ-92, АИ-80 бензин маркалары, К-2, К-3, К-4 экологиялық санатындағы Д3 қысқы дизель отыны, ДЛ жазғы дизель отыны, 100 маркалы  отын мазуты, ТС-1 реактивті двигательдеріне арналған отын, вакуумды газойл, тұрмыстық пеш отыны, техникалық түйіршіктелген газ күкірті, сығылған отындық көмірсутек газы,  КП-1, КП-2 маркалы алюминий өнеркәсібіне арналған қыздырылған анодты мұнай коксы, анодты мұнай косксының жиынтығы, уайт-спирит, бензол, параксилол.

- Шығарылатын өнімдердің сапасы қандай қондырғыларда тексеріледі ?

-   «ОЗЗ» Сынақ орталығы дайын өнімдер мен технологиялық қондырғылар өнімінің сапасын тиімді бақылау мен үздіксіз қамтамасыз ететін зауыттың ажырамас құрылымдық бөлімі саналады. Орталық әлемдік алдыңғы қатарлы күрделі жоғары технологиялық қондырғыларымен жабдықталған.  Зертханада ISL, РАС, (Франция) фирмасының фракционды құрамды автоматтық аппараты, Oxford (Ұлыбритания) фирмасының күкірттің жоғары немесе төмен мөлшерін анықтайтын талдағыш,  Rigaku, Horiba, Mitsubisi (Жапония) фирмасының азот талдағышы тағы да басқа әлемдік өндірісшілердің сараптамалық құрылғылары бар. Атап өткен жөн, «ОЗЗ» СО инженерлер мен моторлы сынақ машинистері, химиялық сараптама лаборанттары, сынама алушалардан құрылған білікті мамандар ұжымы. Орталық зауыт зертханасының қызметкерлері К-2,К-3,К-4,К-5 экологиялық санаттарына жататын барлық бензин мен дизель отындарын шығарудағы көптеген ұлттық және халықаралық сынақ әдістерін меңгерген.    

- Өнімің сапасына бақылау қалай жүргізіледі?

- Тауарлық өнімге бақылау төрт кезеңнен тұрады. Оның әрқайсысында өнімнің сапасын айқындау нақты жүргізіледі. Атап өткен жөн, біздің өнім сапасы алдымен халықаралық стандарттарға жауап беруі қажет. Сондай-ақ, Кедендік одақтың техникалық регламенттерімен реттеледі. Бұл тұрғыда зауытттың Орталық зертханасы алға қойған міндеттерді мүлтіксіз орындап келеді.  

   

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу