Бесінші Еуразиялық экономикалық форумы «Орынбор облысы - 2015»

13.11.2015
555 просмотров
Еуразиялық интеграция процесінде қоғамдастық - кеңірек азаматтық қоғам мен бизнестің тарту үшін жақсы пікірталас алаңына.

          «Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобасын жүзеге асыру барысында «Sinopec Engineering (Group) Co., Ltd.» компаниясы  11 технологиялық және 13 жалпы зауыттық шаруашылыққа тиесілі нысандарда, оның ішінде «Сумен  қамтамасыз ету және канализация» нысаны бойынша да құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

         Инженерлік жүйелер зауыт аймағының барлық территориясынан өтіп, жаңадан салынып жатқан нысандарды қолданыстағы жүйелермен байланыстырады. Көптеген монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нақтысында қазіргі уақытта аталмыш нысанда 7 қазақстандық компания қызмет атқарады, 200 –ден астам адам жұмыс жасап келеді. Құрылыс барысы және жалпы, атқарылып жатқан жұмыстарға деген көзқарасын білу үшін қытайлық компанияның тәржімашысы ГО Вэй мырзамен тілдескен едік.

-         Атырауда жұмыс жасағаныма бір жылдан асты,- деп бастады әңгімесін Вэй мырза. – Негізі ТМД елдерінде жұмыс жасау маған қиынға соқпайды деп ойлап едім, өйткені, өзім Беларусь елінде білім алдым. Алайда, әр елдің өз ерекшелігі болатынын осында келіп ұқтым. Мұнда негізінен жұмыс жасауға кедергі келтіретін мәселенің бірі- масаның көптігі (күледі-автор). Ал, нақты өндірістің өзіне келетін болсақ, бастапқы кезде адаптация кезіндегі кейбір мәселелер болмаса, негізінен қазақстандық компаниялармен жұмыс жасау оңтайлы. Жалпы, Атырау мұнай өңдеу зауытының әлемдік деңгейде жұмыс жасай алатыны бірден байқалады, бұған бізбен әріптес болғанға дейінгі көп жылдық тәжірибесі өз септігн тигізіп отыр деп есептеймін. Әрине, жұмыс барысының әр елде өзіндік қалыптасу ерекшелігі болатыны секілді, біздің кейбір жағдайлар бойынша айырмашылықтарымыз бар.  Бірақ, ортақ мүддеге қол жеткізу үшін баршамызға ыңғайлы мәмлемен жұмыс жасап, оң нәтижеге қол жеткіземіз деп үміттенем. Өйткені, екі тараптың да құрамында шынайы кәсіби мамандар қызмет атқарады.

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу