Осынау курсты «Диамех-Астана» ЖШС ұйымдастырған болатын және осы оқыту шараларына әдіскер ретінде «Диамех-2000» (Мәскеу қаласы) компаниясының тербелмелерді қадағалаудың стационарлық жүйелері бөлімінің бас маманы Михаил Кипинді шақыртты. Курстың ұйымдастырылуы жағынан қолдауды тербелмелерді қадағалаудың стационарлық жүйелері бағытының директоры А. Н. Гузеев қамтамасыз еткен еді.
Михаил Кипин – кәсіби біліктілігі өте жоғары маман, мұнай өңдеу кәсіпорнында ұзақ жылдар бойына жұмыс жасаған өтілі бар, сонымен қатар, қондырғылар диагностикасы жүйелерінің сарапшысы ретінде де танымал.
Курстың бағдарламасына сәйкес, тербелу және дірілдеу сынды әрекеттерге түсініктер берілді, олардың айырмашылықтары әңгіме болды, тербелу мен тозу арасындағы байланыстар, жұмыс жасау режимінің, агрегат тектіктерінің тербелуге ықпалы туралы мәселелер талқыланды. Оқыту дидарласу бағытында жүргізілді. Оның барысында дұрыс және дұрыс емес орнатылған қондырғылардың фотолары көрсетілді, бұл қателіктерді жою жағдайлары қарастырылды. Бағдарламаға сәйкес жағдайларды талқылауға тыңдаушылар белсене араласты, өздерінің де нақты сауалдарына жауаптар алды.
Оқыту мерзімі аяқталған соң, тыңдаушылардың біліктілігі сыналды, бұл жерде тыңдаушылар кереметтей нәтижелер көрсетті. Бұдан соң оларға сертификаттар табысталды. Әрбір тыңдаушы теориялық көмек ретінде пайдалануға болатындай дискіге жазылған нұсқаулықтарды алған еді.
Дәріскер атап өткеніндей, курс тыңдаушылары теориялық та, практикалық та біліктіліктері жоғары екендіктерін көрсеткен екен. Өз кезегінде, тыңдаушылар да дәріскердің жоғары біліктілігін, оқытудың мол тәжірибе бергендігін атап өтті.