«ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» АҚ басшыларының іс-сапары

20.11.2015
585 просмотров
«ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Қазмұнайгаз- өңдеу және маркетинг» АҚ бас директоры Данияр Тиесовтың, бас директордың кеңесшісі-сарапшы Ғалымжан Амантурлиннің және МӨЗ  модернизациялау жобаларын басқару департаментінің директоры Дамир Әшімовтың Атырау мұнай өңдеу зауытына болған кезекті сапары кезінде мұнайды терең өңдеу кешені құрылысының қарқыны талқыланды.

               Сапардың алғашқы жартысы жоғарыда аталған кешеннің құрылыс алаңдарын аралаудан басталды. Екінші бөлігінде Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Қайрат Оразбаевтың,  «Sinopec Engeneering (Group) Co., Ltd.»  қазақстандық филиалының бас директоры    Янь Шаочунның және   «НГСК «КазСтройСервис»  АҚ компаниялар тобының президенті Панкаджи  Джайнаның мәжіліс өткізілді. Сондай- ақ, кеңестің жұмыс барысына  «Marubeni Corporation»компаниясының аймақтық өкілі Кен Андо да қатысты.

              Зауыт басшыларының, бас мердігердің және оның қосалқы мердігерлерінің баяндамалары тыңдалды. Инвест жобаның жүзеге асыру  барысында кездесіп жатқан проблемалық мәселелер де талқыға салынды. Сондай-ақ,  модернизациялаудың бірінші және екінші сатысын ойдағыдай жүзеге асырған Атырау мұнай өңдеу зауыты мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы барысында қолданылып жатқан күрделі нысандардың құрылысын жүргізуде мол тәжірибесі бар екендігі де атап көрсетілді.

 

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу