Ақпараттық хабарлама

30.09.2026
24 просмотров
Ақпараттық хабарлама
Жекелеген БАҚ-та және ақпараттық парақшаларда «РТИ-АМӨЗ» ЖШС аумағында орын алған жазатайым оқиғаға қатысты ақпараттың таралуына байланысты «АМӨЗ» ЖШС төмендегіні хабарлайды.
«РТИ-АМӨЗ» ЖШС – дербес заңды тұлға және жеке ұйым. 2025 жылы Атырау қаласының тұрғыны  Мейрамбек Ғалымжанның өндірістік жарақат алуына себеп болған жазатайым оқиға «РТИ-АМӨЗ» ЖШС аумағында орын алған және «АМӨЗ» ЖШС-нің қызметіне қатысы жоқ. М. Ғалымжан мен «АМӨЗ» ЖШС арасында еңбек қатынасы жоқ және болған емес.

Осыған байланысты БАҚ өкілдері мен ақпараттық парақшалардың редакторларынан бұған дейін жарияланған материалдарға тиісті түзетулер енгізуді сұраймыз. Ақпаратты жариялау және тарату алдында оның дұрыстығын тексеру қажеттігіне назар аударамыз. 

Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған мәліметтерді таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу