Атырау МӨЗ бас директоры еңбек ұжымына есеп берді

22.05.2026
67 просмотров
Атырау МӨЗ бас директоры еңбек ұжымына есеп берді

21 мамыр күні Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Қуаныш БИШІМОВ кәсіпорынның басқарушы құрамы, өндіріс басшылары және департамент директорларымен кездесу өткізді.

Жиын барысында ол биылғы жылдың төрт айындағы өндірістік көрсеткіштер, негізгі жобалардың іске асу барысы, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары, алдағы жөндеу жұмыстарына дайындық және кәсіпорын қызметінің өзге де өзекті бағыттары бойынша есеп берді. Сонымен қатар Қ.Бишімов өндірістік бөлімше басшыларына еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Зауыт басшылығы мен еңбек ұжымы арасындағы тиімді байланысты нығайту, сондай-ақ қызметкерлердің сенімі мен ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бұған дейін, 2026 жылдың ақпан айында Қуаныш Бишімов өндірістік блоктың басшылары және мамандарымен кездескен болатын. Жиында Атырау МӨЗ-дің 2025 жылдағы қызметінің негізгі қорытындылары талқыланып, ағымдағы жылға арналған негізгі міндеттер айқындалған еді.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу