Ауқымды сенбілікке Атырау МӨЗ-дің 150 қызметкері, оның ішінде кәсіпорынның бірінші басшылары мен құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері қатысты.
Экологиялық акция шеңберіндегі жұмыстар бір мезгілде екі учаскеде – санитариялық-қорғау аймағында және кәсіпорынның өндірістік аумағында жүргізілді. Іс-шара барысында зауыт қызметкерлері көгалдандыру және аумақты абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар атқарды.
Осы мақсатта кәсіпорын шамамен 2,5 мың түп жас шаған және 4 мыңға жуық бирючина көшеттерін сатып алды. Жасыл желектерді отырғызу кәсіпорындағы экологиялық ахуалды жақсарту, қоршаған ортаның сапасын арттыру және қолайлы экожүйе қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі болды.
Көгалдандыру жұмыстарымен қатар, сенбілікке қатысушылар бекітілген аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан, қураған өсімдіктерден, металл сынықтары мен бетон қалдықтарынан тазартып, аумақты абаттандыру бойынша ауқымды жұмыскөлемін орындады.
Атырау МӨЗ ЖШС бас директоры Қуаныш Бишімов қоршаған ортаға ұқыпты қарау мен экологиялық жауапкершілік зауыт ұжымы үшін бір реттік шара емес, өндірістік және корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігі екенін атап өтті.
— Атырау МӨЗ «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысуда. Зауыт аумағы мен санитариялық-қорғауаймағына отырғызу үшін 6 мыңнан астам ағаш және бұта көшеттері сатып алынды. Соның 2 мыңнан астамы бүгін отырғызылды. Қалған көшеттер кәсіпорын аумағында кезең-кезеңімен егілетін болады. Бұдан бөлек, зауыт қызметкерлері бастамашылық танытып, Перетаскадан бастау алатын су арналарына тазарту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде аталған аумақтан шамамен 15 текше метр қоқыс шығарылды. Зауыт өзінің экологиялық жауапкершілігін толық сезінеді және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосуға дайын, — деді кәсіпорын басшысы.
Атырау МӨЗ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның барлық еншілес ұйымдарының «Таза Қазақстан» акциясына қатысуы компаниялар тобының экологиялық жауапкершілік, орнықты даму және табиғатты қорғауға, сондай-ақ экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау қағидаттарына берік екендігін тағы бір мәрте айқындады.
Назад к списку новостей