Атырау МӨЗ цифрлық тәжірибе алмасу алаңына айналды

23.04.2026
112 просмотров
Атырау МӨЗ цифрлық тәжірибе алмасу алаңына айналды

Атырауда халықаралық және қазақстандық өнеркәсіптік компаниялардың қатысуымен кездесу жиындары өтті. Шара аясында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) өндірістік процестерге цифрлық шешімдерді енгізудегі практикалық тәжірибесін таныстырды.

Honeywell компаниясы зауыттың ақпараттық технологиялар бөлімімен бірлесіп ұйымдастырған шаралары 2026 жылғы 8 және 10 сәуірде өтті.

8 сәуірде кәсіпорынға Orlen халықаралық энергетикалық тобының өкілдері келді. Сапардың басты мақсаты – Honeywell компаниясының APM (Asset Performance Management) предиктивті аналитика жүйесімен танысу және АМӨЗ-де іске асырылған пилоттық жобаның нәтижелерін бағалау болды.

10 сәуірдегі кездесуге «АК Алтыналмас» ЖШС, «Үлбі-ТВС» ЖШС, Dunga Operating GmbH және Honeywell өкілдері қатысты.

Қатысушыларға кәсіпорында бүгінгі таңда қолданылып жатқан кешенді цифрлық шешімдері таныстырылды. Атап айтқанда, MES жүйесі – өндірісті басқару жүйесі; APM жүйесі – жабдықтардың сенімділігін арттыруға арналған құрал; Компьютерлік тренажер кешені – персоналды даярлауға арналған цифрлық алаң; IBM Maximo базасындағы ТОРО жүйесі – Honeywell шешімдерімен біріктірілген техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді басқару жүйесі.

«Біз көрсеткен барлық құралдар бүгінде нақты өндіріс жиегінде жұмыс істеп тұр. Олардың өзара қалай интеграцияланғанын және сенімділік, процестерді басқару мен тәуекелдерді азайту тұрғысынан қандай тәжірибелік нәтиже беретінін көрсеттік», – деп атап өтті АМӨЗ Ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы Эльмира Орынбасарова.

Қатысушылардың бағалауынша, АМӨЗ цифрлық дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, өндірісті цифрландыруға жүйелі шаралар ұйымдастырып отыр. Ұсынылған тәжірибені басқа өнеркәсіп орындарында да қолдануға үлкен қызығушылық туынадады.

Мұнай-газ, тау-кен және атом салалары компанияларының қатысуымен өткен бұл кездесулер АМӨЗ-дің Қазақстан өнеркәсібіндегі заманауи цифрлық шешімдерді көрсете алатын негізгі алаңдардың бірі екендігін айқындай түсті.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу