Атырау МӨЗ сыртқы электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жобасын іске асыруда

20.04.2026
257 просмотров
Атырау МӨЗ сыртқы электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жобасын іске асыруда

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС кәсіпорынның өндірістік тиімділігіне оң әсерін тигізетін сыртқы электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жобасын іске асыруға кірісті.

Жоба аясында Karabatan Utility Solutions ЖШС-нен бастап ұзындығы 24,0 км және 24,1 км болатын кернеуі 220 кВ екі бір тізбекті әуе электр беру желісін салу көзделген. Бұл бастаманы жүзеге асыру өндірістік үдерістердің үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ететін резервтік электр қуаты көзін құруға мүмкіндік береді, апаттық жағдайлардың туындау ықтималдығын төмендетеді және негізгі желіде іркілістер болған кезде аса маңызды жабдықтардың қорғанысын арттырады. Сондай-ақ, штаттан тыс жағдайларда алау қондырғыларына мәжбүрлі түрде тасталымдар жіберу тәуекелдерін азайтады.

Жоба бойынша жұмыстар 2026 жылдың басында басталды. Бүгінгі таңда мердігер ұйым құрылыс трассасына тексеру жүргізіп, жабдықтарды дайындау мен жеткізу мәселелерін пысықтады, тиісті келісімшарттар жасалды. Қазіргі уақытта құрылыс алаңына жабдықтар мен материалдар жеткізілуде, сондай-ақ темірбетон тіректерді дайындау жұмыстары басталды –траверстер мен ригельдерді орнату, тіректерді монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы алғанда, жоба кәсіпорынды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, пайдалану және технологиялық тәуекелдерді төмендетуге, штаттан тыс жағдайларда тұрақты жұмысты қамтамасыз етуге, сондай-ақ энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік деңгейін күшейтуге бағытталған.

Жобаны ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр.

«Атырау МӨЗ» ЖШС Баспасөз қызметі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу