Ақпараттық хабарлама

26.01.2026
189 просмотров

Әлеуметтік желілерде «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС («АМӨЗ» ЖШС) аумағынан жағымсыз иіс шыққаны туралы болжамдардың таралуына байланысты төмендегіні хабарлаймыз:

«АМӨЗ» ЖШС – мұнай өңдеумен айналысатын өнеркәсіптік кәсіпорын. Технологиялық процестерде жылу алмасу принципі қолданылады, яғни бір ағын қыздырылып, екіншісі салқындатылады. Ағындар арасында жылу энергиясын тасымалдаушы ретінде су пайдаланылады. Бұл – әлемдегі мұнай өңдеу зауыттарында кеңінен қолданылатын тәжірибе.

Су технологиялық пештерде қыздырылып, градирнялардың көмегімен салқындатылады. Отын жағу арқылы қыздыру және салқын ауамен жанасу кезінде салқындату процесінде су буы түзіліп, атмосфераға шығарылады.

Жылдың жылы мезгілдерінде су буы атмосферада тез таралады. Ал ауа температурасы төмендеген кезде, әсіресе қыс айларында, бу жерге жақын қабаттарда конденсацияланып, су тамшылары мен мұз кристалдарынан тұратын шлейф түзеді. Бұл құбылыс пеш мұржалары мен градирнялардан шыққан «түтін» ретінде көрінуі мүмкін, алайда ол жану өнімі немесе ауа ластануының белгісі емес.

2026 жылдың 25 қаңтарында «АМӨЗ» ЖШС Орталық зауыт зертханасының мамандары зауыттың батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде орналасқан санитарлық-қорғау аймағында солтүстік-шығыс жел бағыты бойынша атмосфералық ауа сапасын тексерді. Зерттеу жұмыстары келесі компоненттер бойынша жүргізілді:

1.      Күкіртсутек: көрсеткіш – 0,00002 мг/м³, норма – 0,008 мг/м³;

2.      Көмірсутек С6-С10: көрсеткіш – 0, норма – 30 мг/м³;

3.      Көмірсутек С12-С19: көрсеткіш – 0, норма – 1 мг/м³;

4.      Бензол: көрсеткіш – 0, норма – 0,3 мг/м³;

5.      Ксилол: көрсеткіш – 0, норма – 0,2 мг/м³.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациядан асуы тіркелген жоқ.

Қазіргі уақытта «АМӨЗ» ЖШС штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мұнай өңдеудің тәуліктік көлемі 16 200 тоннаны құрайды. Мұнай өнімдерін шығару және жөнелту процестері Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен өндірістік бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылуда.

«АМӨЗ» ЖШС Баспасөз қызметі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу