Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстарынан кейін мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысының жұмысы қайта жанданды

24.10.2025
438 просмотров
Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстарынан кейін мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысының жұмысы қайта жанданды
24 қазанда Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) жоспарлы алдын алу жұмыстарының аралық қорытындысы бойынша ЭЛТҚ-АТ-2 қондырғысы технологиялық режимге енгізілді.

Жоспарлы алдын алу жұмыстары барысында қондырғыда өте күрделі жұмыстар жүргізілді. П-1 пештерінің конвекциялық иректүтіктері және Koch-Glitsch компаниясымен бірлесіп К-1 бағанының ішкі құрылғылары ауыстырылды. Жөндеу барысында FLEXITRAY®️ заманауи табақшалары орнатылып, шикізат таратқыштары жаңартылды. Жоғары температура мен агрессивті ортаға төзімді материалдар қолданылды. Бұл шаралар технологиялық жабдықтың сенімділігін арттыруға және ашық түсті мұнай фракцияларын іріктеу көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған.

Сонымен қатар керосин фракциясын К-2 бағанынан гидротазартуға шығару бойынша техникалық шешім іске асырылды. Бұл авиаотын өндіру көлемін ұлғайтады.

АМӨЗ-де жоспарлы алдын алу жұмыстары 1 қазанда басталғанын еске саламыз. Өндірістік процестерге 2 097 маман және 80 бірлік техника жұмылдырылды. Жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Бекітілген жоспардың кестесіне сәйкес 25 қазаннан бастап технологиялық қондырғыларды кезең-кезеңімен пайдалануға беру басталады.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу