«АМӨЗ» ЖШС ұжымы Мұрат Досмұратовтың отбасына көңіл айтады

29.09.2025
427 просмотров
«АМӨЗ» ЖШС ұжымы «КМГ Инжиниринг» ЖШС-нің мұнай өңдеу және мұнай-химия жөніндегі басқарушы директоры Мұрат Әбиұлы Досмұратовтың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Мұрат Әбиұлының өмірі мен еңбек жолы мұнай-газ саласымен тығыз байланысты болды. Білікті маман ретінде ол Қазақстандағы мұнай өңдеу мен мұнай-химия салаларының дамуына қомақты үлес қосты, республикадағы мұнай-химия өндірістерін дамыту жөніндегі Кешенді жоспар аясындағы бірқатар жобаларды әзірлеуге қатысты. 
2022 – 2024 жылдары Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры қызметін атқара отырып, кәсіпорынды жаңғыртуға және өндірістік әлеуетін арттыруға атсалысты. Кәсіби шеберлігі, принципшілдігі, өз ісіне адалдығы мен жоғары адами қасиеттерінің арқасында ол әріптестері мен серіктестерінің ортасында беделді, сыйлы бола білді.

Салаға сіңірген еңбегі үшін ол Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен және басқа да жоғары марапаттарды иеленді.

Мұрат Әбиұлының жарқын бейнесі оны таныған және қызметтес болған жандардың жүрегінде мәңгі сақталады!

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу