АМӨЗ-дің санитарлық-қорғау аймағын көгалдандыру акциясы өтті

27.09.2025
465 просмотров
27 қыркүйекте «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық науқаны аясында Атырау мұнай өңдеу зауытының («АМӨЗ» ЖШС) санитарлық-қорғау аймағында ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға зауыт басшылары мен қызметкерлері қатысты.
0,7 және 17 гектар аумақта өңірдің тұзды топырағына төзімді, биіктігі 3 метр болатын 600 түп ясень егілді. Әр ағашты суару жүйесі орнатылып, отырғызу кезінде органикалық тыңайтқыштар қолданылды. Жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарын арнайы мамандандырылған мердігер компания атқаруда.

Қазан айында санитарлық-қорғау аймағында тағы 400 тал егу жоспарланып отыр. Зауыт айналасында «жасыл белдеу» құру мақсатында 2026 жылы қосымша 5 000 ағаш отырғызу көзделген.

Көгалдандыру жұмыстарымен қатар, 2025 жылдың сәуірінен бастап санитарлық-қорғау аймағының шекарасын және атмосферадағы ластаушы заттардың мөлшерін анықтау үшін далалық зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Мониторинг тәулігіне төрт рет буферлік аймақтың шекарасында және жақын маңдағы тұрғын аудандарда орналасқан 8 бақылау нүктесінде жүргізілуде. Зерттеулер 2026 жылдың сәуір айына дейін жалғасады.



«АМӨЗ» ЖШС Баспасөз қызметі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу