Оған Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, сала ардагерлері мен зауыт қызметкерлері қатысты.
Атырау облысы әкімі С.Шәпкеновтің айтуынша, АМӨЗ ұзақ жылдан бері өңірдегі өнеркәсіп саласындағы негізгі кәсіпорындардың бірі болып келеді. Ол кәсіпорынның әлеуметтік және экономикалық дамуға қосқан зор үлесін, сондай-ақ мыңдаған азаматтарға тұрақты жұмыс ұсынып отырған сенімді мекеме ретіндегі маңызын атап өтіп, ұжымға жаңа жетістіктер тіледі.
ҚМГ басшысы А.Хасенов құттықтау сөзінде Атырау мұнай өңдеу зауыты — бірнеше буын мұнайшылардың қажырлы еңбегін бейнелейтін тарих, елдің индустриялық дамуының символы деді. Сондай-ақ ол мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ҚМГ компаниялар тобының 61 ардагерлері мен қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталғанын айтты. Олардың арасында Атырау мұнай өңдеу зауытының ардагерлері де бар.
— Атырау мұнай өңдеу зауыты отандық мұнай өңдеудің флагманы ғана емес, кадрлар шоғырын дайындайтын өндірістік мектеп. Бүгінде мұнда 2,5 мыңнан астам адам еңбек етуде. Кәсіпорынның дамуына ардагер мұнайшылардың қосқан үлесі орасан. Олардың ұзақ жылғы еңбегі мен мол тәжірибесі қазіргі зауыт жетістіктеріне іргетас болды. 1945 жылдан бері жұмыс істейтін алпауыт өндіріс бірнеше ондаған жылдан бері ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. ҚМГ үшін Атырау МӨЗ — негізгі активтердің бірі. Зауыт жаңа технологияларды енгізе отырып ауқымды жаңғыртулардан өтті және өзінің өндірістік тиімділігін арттырды. Осылайша кәсіпорын елдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуда, — деді ҚМГ басшысы.
Салтанатты шара барысында зауыттың 30 маманы «Мұнай-газ-химия саласын дамытуға қосқан үлесі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, сондай-ақ «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Бес қызметкер Атырау облысы әкімінің атынан алғыс хат алды.
Сонымен қатар алғашқы мұнай өңдеу зауытының қалыптасу жолын көрсететін «Даңқ жолы. Таспадағы тарих» атты деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды.
Айта кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша АМӨЗ тарихи межеге жетті. Алғаш рет рекордтық 5,5 млн тонна мұнайды өңдеп, еліміздегі ең ірі 15 салық төлеушінің қатарына кіріп, бюджетке 155 млрд теңге аударды. Биыл да оң динамика сақталып отыр: жеті айдың ішінде мұнай өңдеу тереңдігі 88% жетті, ал жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі рекордтық 75% құрады. Кәсіпорын өңдеу қуатын жылына 6,1 млн тоннаға дейін ұлғайтуды, жеңіл мұнай өнімдерінің үлесін 82% дейін және өңдеу тереңдігін 92% дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Назад к списку новостей