Мұнай жеткізушілеріне!

29.08.2025
382 просмотров
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы №15 бұйрығымен бекітілген негізгі қуатқа тең қолжетімділік қағидаларына сәйкес, 2025 жылғы 01 қыркүйектен бастап «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мұнай өңдеу шарттарын жасасуға арналған өтінімдерді тек электрондық форматта қабылдайды.

Өтінімдер contract.kmg.kz мекенжайы бойынша мамандандырылған ақпараттық жүйе арқылы қабылданады.

Өтінімдерді электрондық форматқа көшіру ашықтықты арттыру және бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында жүзеге асырылады.

2025 жылға мұнай өңдеу қызметтері бойынша шарт жасасқан мұнай жеткізушілеріне өтінімді қайта тапсыру талап етілмейді, бұл талап тек болашақтағы өтінімдерге қолданылады.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС көрсетілген өзгерістерді алдағы жұмыста ескеруді және өтінімдерді электронды түрде уақытылы тапсыруды сұрайды.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу