Құрылғы сағатына 10 шақырымға дейінгі жылдамдықтағы бетпе-бет соқтығыс күшіне төтеп беруге қауқарлы. Шараның мақсаты — қызметкерлер арасында қауіпсіздік белдігін тағу және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын насихаттау.
Үш күн ішінде 200 ден астам зауыт қызметкері жаттықтырғышты сынақтан өткізіп, төмен жылдамдықпен соқтығысудың өзі де қиын салдарға әкелуі мүмкін екеніне көз жеткізді.
— Бүгін әріптестерім жол-көлік оқиғасы кезіндегі соққы күшін өз тәжірибелерінде сезінді. Мұндай шаралар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру үшін аса маңызды деп есептеймін. Қауіпсіздік белдігін тақпаған қызметкер тіпті төмен жылдамдық кезінде де ауыр жарақат алуы мүмкін. Сонымен қатар, көлік басқару кезінде барлық қауіпсіздік шараларын сақтау — жүргізушінің тікелей жауапкершілігі екенін ұмытпау қажет, — деді еңбек қауіпсіздігі бойынша бас техникалық жетекші-қызмет басшысы Арман Димукашев.
АМӨЗ-де көлік қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс аясында бірқатар іс-шара жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, кәсіпорында көлік қауіпсіздігі айлықтары өткізіледі. Жүргізушілер мен жолаушылардың мінез-құлқы үнемі бақыланады. Әрі көлік құралдары борттық бақылау жүйесі арқылы қадағаланып, жүргізушілерді оқыту шаралары мен тұрақты жиындар ұйымдастырылады.
АМӨЗ өндірістегі жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға баса мән бере отырып, еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы озық тәжірибелерді енгізуді жалғастырады.
Назад к списку новостей