Екі айдың ішінде АМӨЗ қызметкерлері зауыт аумағынан 1500 тонна қалдық жинады.

24.06.2019
1541 просмотров
Екі айдың ішінде АМӨЗ қызметкерлері зауыт аумағынан 1500 тонна қалдық жинады.

Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымы екі ай бойы өндірістік алаңдарда және зауыт маңындағы аумақта сенбілік өткізді.

Жыл сайын сенбілікке қатысушылардың саны артып келеді. Биыл сенбілікке кәсіпорынның 600-ге жуық қызметкері шықты.

Негізгі күш зауыт бөлімшелері мен іргелес жолдарда қоқыстар мен металл сынықтарын жинауға бағытталды. Қалдықтардың жалпы көлемі 1500 тоннаны құрады. Тазалықты тұрақты ұстаудың негізгі қағидаларын ұстануды көздейтін «5S» жүйесі шеңберінде қалалық қоқыс орнына 40 тонна макулатура шығарылды. Оның ішінде бес тонна өртеу жолымен жойылды. Сонымен қатар, 10 тонна макулатура, 500 кг картридж шығарылды.

Қазіргі таңда, зауыттың цехтары мен бөлімшелерінен ақаулары бар тұрмыстық техникаларды жинау жұмыстары жүргізілуде.

Зауыт қызметкерлері тек өз үйін ғана емес, сондай-ақ жұмыс орнын да тазалықта сақтау керек деп есептейді.

"АМӨЗ" ЖШС қоғаммен байланыс қызметі»

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу