«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің Бас директоры болып Шухрат Данбай Абдурашитұлы тағайындалды

20.02.2019
1632 просмотров
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің  Бас директоры болып Шухрат Данбай Абдурашитұлы тағайындалды

Атырау мұнай өңдеу зауытының қатысушылары жалпы жиналыстың шешімімен, 15 ақпанда зейнеткерлік жасқа шығуына байланысты «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС басқарма төрағасы Ғалымжан Жыршыбекұлы Амантурлиннің өкілеттігі тоқтатылды.

Осындай шешіммен зауыттың басқарма төрағасы (бас директоры) Шухрат Данбай Әбдірашитұлы сайланды, ол 2018 жылдың маусымынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК мұнай өңдеу жөніндегі басқарушы директоры болған.

Ш.А.Данбай 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келген. «Қайнар» университетінің халықаралық экономикалық қатынастар факультетін, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын «Іскерлік әкімшілік докторы» мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі таңда И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ институтын «энергетикалық көсбасшылық» бағдарламасы бойынша Executive MBA курсында оқып жатыр.

Бірнеше жыл бойы мұнай жеткізу және өңдеу бойынша ірі коммерциялық құрылымдарды басқарған («Гелиос» ЖШС Бас директоры, «Қазақстан отын энергетикалық кешені» ЖШС Бас директоры), «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және мұнай химиясы бөлімінің атқарушы директоры, ал 2009 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың қарашасына дейін - «ПМХЗ» ЖШС Бас директоры, 2018 жылдың маусым айынан 2019 жылдың 15 ақпанына дейін - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнайды қайта өңдеу бойынша Басқарушы директоры.

Нарықтық экономикадағы кәсіпорындарда коммерциялық есептеуді ұйымдастыру және жұмыс істеу туралы бірнеше мақалалардың және жарияланымдардың авторы.

«Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен, «Жастарды патриоттық тәрбиелеудегі еңбегі үшін» төсбелгісімен, «Қайырымдылығы үшін САУАП» , «KAZENERGY» төсбелгілерімен, Павлодар облысынң 75-жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгісімен, «Облыс алдындағы еңбегі үшін» белгісімен, «Зауытқа 35 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен, Кәсіподақ федерациясының құрмет грамотасымен, ҚР Парламент Сенатының Төрағасының құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен, «Ісіне деген адалдығы үшін» төсбелгісімен, «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» естелік төсбелгілерімен марапатталған. Сонымен қатар Павлодар қаласының құрметті тұрғыны.

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу