Атырау МӨЗ 2019 жылдың қаңтар айындағы өңдеу жоспарын асыра орындады

12.02.2019
1665 просмотров
Атырау МӨЗ 2019 жылдың қаңтар айындағы өңдеу жоспарын асыра орындады

2019 жылдың қаңтар айында Атырау МӨЗ 469 916 тонна шикі мұнай өңдеп, жоспардың 101,7% -ын құрады. Салыстыру үшін: 2018 жылдың қаңтар айында зауыт 440 803 тонна өңдеген, бұл дегеніміз шамамен 30 мың тоннаға кем дегенге саяды.

Сонымен бірге, мұнай өнімдерінің әлеуметтік маңызды түрлері өндірілді: 125 936 тонна автокөлік жанармайы (жоспардың 100%), 130 418 тонна дизель отыны (жоспардың 107%), 11673 тонна РТ маркалы әуекеросин (жоспардың 110%), 16 840 тонна сұйылтылған мұнай газы (жоспардың 108%).

Аталмыш мұнай өнімдерін жөнелту Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі бекіткен 2019 жылға арналған өндірістік бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылды.

Зауыт мұндай көрсеткіштерге жаңғырту кезінде салынған 12 технологиялық қондырғыдан тұратын мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені (МТӨК) арқасында қол жеткізді. МТӨК автокөлік жанармайын өндіруді екі есеге арттыруға көмектесті. Кешеннің басты қондырғысы – каталитикалық крекинг R2R - Axens компаниясының технологиясы бойынша салынған. Әлем бойынша бұндай қондырғылар екеу-ақ. Бірі Мәскеу МӨЗ де болса, екіншісі ҚХР. R2R-дің ерекшелігі - мұнайдың қалдықтарының, ауыр мұнай өнімдерінің өңделуіне сұйытылған газ, жанармай және жеңіл газ тәрізді бағалы, жоғары сапалы өнімдер шығаруға мүмкіндік беретін екі регенератордың болуы.

«АМӨЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі

Назад к списку новостей

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу