(2016 жылдың 6 сәуірі мен 12 сәуір аралығы)
Жайық өзенінен өндірістік мұқтаждыққа алынған су көлемі 105 100 м3. құрады. Су алу лимиттен асқан жоқ. Буландыру тоғанына биологиялық тазартылған сарқынды су көлемі 42 615 м3 құрады. Қайтара тұтынуға сарқынды судың 21 401 м3, яғни, 33,4 % тазартылып жіберілді. «ОЗЗ» сынақ орталығының санитарлық-өнеркәсіптік зертханасымен зауыт мен цехтардың өндірістік ағынды суларының сапасына 456 зерттеу, айналма сулардың сапасына 102, санитарлық-қорғаныш аймағы мен зауыттың өнеркәсіптік алаңы мен өндірістік ғимараттардың қоршаған ортасын зерделеуге 326 зерттеу жүргізілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның санитарлық-қорғаныш аймағындағы атмосфералық ауаның сапасы 3957 автоматты түрде зерттелді. Мердігер зертханамен зауыттан 2,3,4 шақырым қашықтықта атмосфералық ауаның сапасына 39 зерттеу жүргізілді. Ауаны ластайтын заттардың шығарылуы тұрғын елді мекендерде санитарлық-гигиеналық нормалардан асқан жоқ.
Назад к списку новостей