Атырау мұнай өңдеу зауытының және мердігер компаниялардың жедел штабы мен жұмылдыру тобы қаланың түрлі аудандарында және қала маңында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуді жалғастырып жатыр.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Атырау қаласына жұмыс сапары аясында АМӨЗ-дегі жағдаймен және су тасқынына қарсы –іс шаралардың барысымен танысты.
Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Абзал Досжанов кәсіпорын мамандарынан құралған жедел штаб құрамында Перетаска және Соколок каналдарына барып, аталған су қоймаларынан зауыт аумағына тасқын суының келу қаупін бағалады. ...
Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмылдыру жасағы Қайыршақты ауылдық округінің Томарлы (Теңдік) елді мекені тұсындағы Жайық өзенінің жағасын көтеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Атырау мұнай өңдеу зауыты мен АРЕС Training Center оқу орталығы бірлесіп жүзеге асырып жатқан «АМӨЗ тағылымгері» білім беру бағдарламасының алғашқы нәтижелері белгілі болды.