Елеулі еңбекке – лайықты марапат

03.06.2022

Елеулі еңбекке – лайықты марапат

  1969 жылдың 26-маусымында Татарстандағы Қазан химия-технологиялық институтын аяқтады. Сол жылдың 5-ші тамызында Атырау мұнай өңдеу зауытына қызметке орналасуға келді. Тек ол ғана емес оның жолдасы – Фарид ГУМЕРОВ, группаластары – Марина КОНОВАЛОВА, Сильва ИЗМАЙЛОВА да зауытқа табан тіреді. Зауыт басшылығы олардың барлығын қабылдап, әрқайсысын технологиялық цех бөліміне жеке-жеке қызметке орналастырды. Мұсавара Гумерова орталық зауыт зертханасында лаборант міндетін атқарушы болып қызметке тұрды. Ол өзінің еңбек жолында көптеген қиын тапсырмалармен кезікті. Алайда ол тапсырмалардың барлық шешімін зертханадан таба алды. Ол отындарды, қоспаларды, деэмульгаторлардың жаңа түрлерін, жууға арналған құралдар, соның ішінде сусабынды, тіпті зәйтүн майына дейін талдап, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Үлкен кең орындардағы мұнайды зерттеу барысында оларды өңдеудің басқа да нұсқаларын қарастырды. Мұсавара Гумерованың айтуынша, сол кезеңде орталық зауыт зертханасы қызметкерлерінің 90%-ы үш ауысымда қызмет еткен балалар тәрбиелеуші аналардан құралған. Олар өздерін жан-жақты сынаудан тайынбай, спортқа да, көркем өнерге де жақын болған. Сенбілік шараларда да алдыңғы қатардан табылған. Сол заманда өндірістің және жаңа технологиялық ағындардың дамуы - газдар мен сұйық мұнай өнімдерін талдауда хроматографиялық әдістерді едәуір арттыру қажеттілігін туындатты. Сондықтан орталық зауыт зертханасынының ұжымы хромотографиялық зертхана құру туралы шешім қабылдаған. Олардың жаңа орталық зауыт зертханасының бөлімі «Реагенттер және газ зертханасы» атауымен танымал еді. Ардагеріміз зауыт зертханасы ешқашан бір орында тұрақтамай, өндіріспен бірге қатар динамикалық түрде дамығанын айтып, және осы жолда білікті мамандар мен нағыз химиктер Ия РЯБОВА, Николай ШЕРГИЛОВ, Софья КУЗЬМИЧЕВА, Людмила ПЕТРОСЯН, Сания МЕНДИБАЕВА атты басшылармен бірлесе еңбек еткеніне алғысын білдірді. Сондай-ақ ол жылдар бойы табиғаттың әдемілігіне ерекше сүйсінетін, зауыт төнірегінде 20 жылға жуық санитарлық өнеркәсіптік зертханасын басқарған эколог Светлана ВОЗНЕСЕНСКАЯНЫ да атап өтті. Оның қатысуымен бүкілодақтық «қызыл» бұрыштар жарысы өткен. Сол жарыста орталық зауыт зертханасы безендіруден үздік орынды иеленіпті. Цех Бүкілодақтық Орталық Кәсіподақтар Кеңесінің өтпелі қызыл туын жаулаған. Яғни орталық зауыт зертханасы қызметкерлерінің күш жігерінің нәтижесінде цех аумағы қаладағы ең жасыл оазистің бірі атанған. Ардагеріміз цехтағы тұрмыс жағдайды жақсарту өз алдына, бірінші кезекте зертханалық жұмысқа ақылмен және үлкен ынтамен мән беру керектігін атап өтті. Яғни график бойынша алаңсыз жұмыс істеу, сағат сайын жаңа сынақтардың келуі және оларға сапалы зерттеу жұмыстарын жүргізу оңай еместігін жеткізді. 40 жылын зауытқа арнаған Мұсавара Гумерованың «Почетная грамота РК», «Заводская Доска Почета» т.б марапаттары да жетерлік. Ағымдағы жылдың ішінде Мұсавара Гумероваға тағы бір марапат табысталды. Атап айтсақ, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2021 желтоқсандағы жарлығы бойынша Мұсавара Гумерова «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Атырау қаласының әкімдігі «АМӨЗ» ЖШС зауытына еңбегін сінірген зейнеткер, ардагер Мұсавара Гумерованы құттықтау үшін марапаттау рәсімін өткізді. Алайда күтпеген жағдайларға байланысты ардагердің әкімдікте өткізілген марапаттау рәсіміне қатысу мүмкіндігі болмады. 18-ші мамырда «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «АМӨЗ» ЖШС Кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғалымжан АМАНТУРЛИН зауыт ардагері Мұсавара Гумероваға құрмет танытып, марапатты табыс еткен еді.

  - Қала әкімдігінің марапатына ие болғаныма қуаныштымын. Ал өзімнің туған зауытымның әрқашан гүлденуіне тілекшімін. Зауытымыз Каспий теңізінің биік туы болып дами берсін. «АМӨЗ» ЖШС Кәсіподақ ұйымына марапатты табыстағаны үшін ерекше алғысымды білдіремін, - деді еңбек ардагері Мұсавара Гумерова.

  Ардагеріміз қызметтен кетсе де, адал еңбек атқарған білікті маман ретінде көпшілік жандарға үлгі болып қалары анық.


Количество показов: 11212

Возврат к списку

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу