−Бала кезде қалаға көшуді армандайтынмын. Өз мамандығыммен үлкен кәсіпорында қызмет еткім келетін. Ол кезде Атырау мұнай өңдеу зауытынан басқа ірі өндіріс ошағы жоқ. Сәті түсіп осы кәсіпорында қызметтемін. Алғаш келгенімде Шамрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ, Амангелді ӨТЕУЛИЕВ атты жандар көп қолдау көрсетті. Жұмысқа қатысты айтар болсам, әрине жұмыстың оңайы жоқ. Қазіргі кезде ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысында, мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау өндірісінде тоқтарды жөндеп, қалыпты жұмыс істеп тұруы үшін жұмыстанудамын. Зауыттың мердігер компаниясында қызмет ететін электршілердің қызметін қадағалаймын, олардың жұмыстарының сапасын тексеремін және қажетті материалдарға тапсырыс беремін. Қазіргі кезде электрші мамандығында оқу бітірген жастардың тәжірибесі болмаған соң қызметке алмайды. Өз басым жастарды біліміне қарап қызметке алған дұрыс деп санаймын. Болашақта осы салада қызмет етемін деген жастарға әр істі ойланып жасауға кеңес беремін себебі, біздің кәсіп қауіпті болған соң өзіннің және біреудің тоққа түсіп қалмауын қамтамасыз ету міндетін. Қазіргі кезде заманауи жабдықтар дамуда, осыншама жасқа келсемде осы сала бойынша көптеген ережелер оқуды тоқтатқан емеспін. Сондықтан жастар қызметте жүрсе де білімін үнемі жетілдіріп жүруге тиіс. Өйткені, жұмыс кезінде оның пайдасы тиеді. Ұжымда барлығымыз бір-бірімізге сыйлы жандармыз. Бөлім басшысы Сергей ХЛОПЦЕВ өте әділ әрі әрқайсысымыздың пікірімізді тыңдап, ешкімді бөліп жармайды. Энергетиктердің яғни біздердің жұмысымыз өте қауіпті. Сондықтан әріптестеріме денсаулықтың амандығын және апаттық жағдайлардың болмауын тілеймін, - дейді инженер-энергетик Сәлімжан Сисенов.
Расында өндірістің, барлық қондырғылардың, жалпы әлемнің жарығын жаңғыртуда энергетиктердің өркенді ісі құрметке лайық. Сондықтан бұл салада аянбай етіп жүрген барлық энергетиктерді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
Возврат к списку