Өз ісінің шебері

25.12.2019

Өз ісінің шебері

Соның барлығына куә болдық. Ол заманда зауыттың іші бос еді. Қазір неше түрлі қондырғылар салынып жатыр. Ине шаншыр жер қалмады. Бұл дегеніміз зауыт жылдан жылға көркейіп жатыр дегенге саяды. Өзім соған үлесімді қосып жүргеніме ризамын. Қазіргі таңда зауыттан бөлініп «Gold Sunray» жеке меншік компаниясына 2015 жылы өтіп кеттік. Қазір жүк көлігімен зауытқа әкелінетін барлық баллондарды тасимын»,- деп еске алды Кенжебай Балмағанбетов. Әкесі 1946 жылы соғыстан келіп, Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай құюшы болып қызмет атқарған. 1969 жылы еңбек демалысына аттанады. Қазіргі кезде Кенжебай Балмағанбетов 2 ұл 1 қыздың әкесі. Бүгінгі таңда зауытта тек өзі ғана қызмет етіп жүрген жоқ. Атасы мен әкесінің ізімен үлкен ұлы да аңдап басып келе жатыр. Отбасылық династияға айналған Балмағанбетовтер отбасының Атырау мұнай өңдеу зауытына сіңген еңбегі зор. 40 жылға жуық өмірін зауытқа арнаған Кенжебай Балмағанбетов зауыттың осындай дәрежеге қалай жеткендігінің куәсі. Қызығы мен шыжығы мол зауыт өмірінің жілігін шағып майын ішкен қызметкерлердің бірегейі. Болашақта да, еңбек демалысына жеткенше өзінің адал қызметін атқара беретіндігі анық. Арайлым Қабдешова Суретті түсірген: Данияр Мұхамбетов

Количество показов: 11304

Возврат к списку

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу