Зейін Шамаров: «Зауыт менің екінші үйім»

09.09.2021

Зейін Шамаров: «Зауыт менің екінші үйім»

Зеин Шамаров 1969 жылы Гурьев қаласында мұғалім мен “Гурьев балық комбинатында” еңбек еткен жұмысшы отбасында дүниеге келген. Бала кезінен сабаққа алғыр, зерек өзінің атына заты сай болып еңбекке баулып өседі. Ер жетіп, ауыл шаруашылық техникумының механик мамандығын тамамдап, әскери борышын өтеп келеді. 1990 жылдары еңбекке белсене араласады. Алғашқы еңбек жолын “Солтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясында” моторист болып қызмет ете отырып, Атырау Мұнай-Газ институтының инженер-технолог мамандығын тамамдайды. 1995 жылдың 25 қаңтарында “Атырау мұнай өңдеу зауытының” 4-ші цехының эстакада операторы болып орналасады. Бір орында тапжылмай 13 жыл еңбек етіп, жұмыстың ащысы мен тұщысына төтеп беріп еңбекқорлықтың арқасында оператор, аға оператор, эстакада механигі, эстакада басшысы лауазымдарында еңбек етеді. Қазіргі таңда мұнай өнімдерін өндіру және тасымалдау өндірісінің резервуарлық паркінің басшысы міндетін атқаруда. Ол ұжымда жұмыс барысын алдыңғы орынға қойып жұмысшылардан жұмысқа деген жауапкершілікті, ұқыптылықты, тәртіпті талап етеді. Себебі резервуар паркі тікелей зауыттың технологиялық қондырғыларын мұнаймен қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады. - Негізінде мен сызуды өте жақсы көремін. Бұрындары осы сызуға қатысты қызмет атқарамын деп ойлайтынмын. Оқуды аяқтар алдындағы диплом қорғау кезінде қазақ тілде беске тапсырған студенттің бірі болдым. Тәуелсіздік алып жатырған жылдары барлығы орыс тілінде болғандықтан, қазақ тілінде тапсырып,барлығын таң қалдырған болатынмын. Соның арқасында зауытқа қызметке тұрып, бүгінгідей дәрежеге жетіп отырмын. Зауыт менің екінші үйіме айналды. Менің осы зауытта белгілі маман болып қалыптасуыма күш салып, көп көмегін тигізген жандар бар, олар - Орақ Оразмұхамбетов, Фатима Кенжеғалиева, Нұрбек Қонысов, Валерий Тарабрин, Марат Каримов, Қосыман Каримов сынды өз ісінің мамандары. Сол сияқты мен де кейінгі жастарға үлгі болуға тырысып, білгенімді үйретудемін». Осы 26 жыл еңбек жолында Зеин Шамаров “Кәсіби қызметте жеткен жоғары нәтижелері мен Мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен, “Атырау мұнай өңдеу зауытына- 70 жыл”, “Атырау мұнай өңдеу зауытына-75 жыл”, “Қазақстан мұнайына-120 жыл” мерекелік медальдармен марапатталды. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ұзақ жылғы мінсіз еңбегі үшін «Байырғы қызметкер» атағына ие болды. Зейін Шамаров отбасында бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған үлгілі жанұя.

Количество показов: 11275

Возврат к списку

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу