Людмила Посохина: «Егеменді мемлекетпен бірге біз де өстік»

25.11.2016

Людмила Посохина: «Егеменді мемлекетпен бірге біз де өстік»

Негізінен диспетчер барлық өндірістік процесті «жүргізеді» - өндірісті шикізат және реагенттермен қамтамасыз ету, қондырғылардың жұмысы, өнімді қайта өңдеу және шығару. Диспетчер зауыттағы барлық жағдайды біліп отырады. 

- Бұл өте қызықты, бірақ бір жағынан жауапты іс. Диспетчер барлық қондырғыларды ғана емес, сондай-ақ шығарылатын өнімдерді, олар қандай көрсеткіштерге сәйкес болуы қажет екенін, құрал-жабдықтардың барлық параметрлерін, талдамаларды білуге тиіс. Апаттық жағдайларға шұғыл, ең бастысы дұрыс әсер етуді білуі керек. «Штаттық емес сәттер туындаған жағдайда қолданған іс-әрекеттері бойынша диспетчердің кәсіби шеберлігі сипатталады», - дейді Людмила Посохина. – Ұжымда жұмыс істеу, әріптестермен жақсы тіл табысу да айтарлықтай маңызды факторлардың бірі болып табылады. Біз барлығы дерлік өндірістік тізбекпен байланыста боламыз. Жылдар өте келе тәжірибе де молая түседі, қазір телефон қоңырауының алғашқы секундтарынан-ақ кім және не үшін хабарласып тұрғанын бірден біліп қоясын.
Людмила Владимировна Ақтөбе облысының тумасы. Атырау мұнай өңдеу зауытына жолдама бойынша, Орск мұнай техникумын бітірген соң келді. Бұл 1986 жыл еді. Зауыттың кадр бөлімінің басшысы Герман Сергеевич Ким жас маманды ОЗЛ-ға жіберуді шешеді. Жас, бірақ батыл қыз Людмила қарсы шықты: ол лаборант емес, техник – технолог және қондырғыда жұмыс істеуге тиіс. Сөйтіп, ол № 3 цехқа жұмысқа шығады, цех бастығы Михаил Алексеевич Волков, ал оның орынбасары Ғалымжан Жыршыбекұлы Амантурлин болды. Алдымен инертті газдар қондырғысында оператор, кейін – каталитикалық риформинг қондырғысының операторы болып жұмыс істеді. 

- Менің ұстазым Евгений Иванович Ротнов болды. Одан соң үшінші бригадаға ауыстым, онда бас оператор Валерий Сергеевич Тарабрин, риформинг операторы Геннадий Веретенников, аға машинист Борис Байменов, машинист Виктор Иванович Даниленко, Хамидолла Қожабергенов пеш жағушы болып еңбек етті, - деп есіне түсірді Людмила Владимировна. – Бәріміз тату болдық, бір-бірімізден үйрендік. 

Зауытта бір жыл жұмыс істегеннен кейін Людмила Посохинаны Фарид Закирович Гумеров өндірістік бөлімге шақырды. Бірақ Людмила бұл ұсыныстан бас тартты, өйткені өңдеу процесін толығымен игерген жоқ еді. Үш жылдан кейін оны қайта өндірістік бөлімге енді Людмила Суреновна Петросян шақырған кезде, ол келісімін берді. – Менің жетекшім Ольга Антышева болды, - деді сол жылдарды еске алып Людмила Владимировна. – Тура 10 күн оқып үйрендім, одан кейін мені ауысымға қойды. Сол кезде зауыт директоры Владимир Викторович Гафнер болды, оның жұмыс күні сағат жеті жарымда басталатын. Біз сол уақытқа дейін барлық ақпараттарды дайындап қоюымыз керек. Есімде, бір күні ақпараттарды жинап үлгермей жаттым, ауысымы басталуы тиіс екінші диспетчер Роза Казимовна Чеснакова да келіп қапты. Мен үрейлене бастадым, ол маған көмектесіп, екеуіміз бірлесіп бәрін жасап шықтық. Владимир Викторович диспетчер – бұл зауыттың түнгі директоры деп үнемі айтатын. Шынымен-ақ, сол заманда барлық ақпарат бірінші бізге келіп түсетін және барлық бас мамандар өз жұмыс күндерін диспетчер бөлмесінен бастайтын. Бүгінде құжаттардың барлығы дерлік электрондық нұсқада, жұмыс әлдеқайда жеңілдеді. Егер бұрын бар ақпаратты қолмен қана жазып қоймай, миымызда да сақтауға тиіс болсақ, бүгінгі күні ақпарат компьютерге енгізілген. Түрлі жылдары өндірістік бөлімнің бастықтары Владимир Анатольевич Вакуров, Дауыл Ибадуллаұлы Қамитов, Людмила Суреновна Петросян, Қайрат Құлымұлы Оразбаев болды. Әрқайсысының өзіне тән ерекшелігі болды, мысалы, Владимир Анатольевичтің есте сақтау қабілеті керемет болатын. Мен айтқан басшылардың әрқайсысы нағыз кәсіпқой еді. Олардан көп нәрсе үйрендік. 

Мұнда зауытта Людмила Владимировна өзінің жарымен танысты, Сергей Алексеевич Посохин – мұнай өндірушілердің белгілі династия өкілі, оның басында Елена Ивановна Посохина тұр, ол 1943 жылы зауыт құрылысына қатысып, кейін осында жұмыс істеді. Оның күйеуі Сергей Алексеевич Посохин 1948 жылдан бастап зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін ОЗЛ-да қызмет етті. Балалары да ата-анасының жолын қуды: қызы Вера, ұлдары Николай мен Сергей. 

Людмила Владимировна жолдасымен бірге Никита есімді ұлдарын тәрбиеледі, ол қазір Санкт-Петерборда тұрады және қыздары Ангелина, ол – политехникалық колледжінің студенті. Біздің материалымыздың батыл кейіпкері барлығына үлгеруге тырысады. Жұмыс пен отбасындағы шаруаларға қарамастан, жоғары білім алды, зауыттың қоғамдық өміріне белсенді қатысты. Биылғы жылы мұнай өндіру кәсіпорнындағы Людмила Владимировнаның еңбек өтілі 30 жылды құрайды. 

- Өткен ғасырдың 90-шы жылдардың басында, Қазастан тәуелсіздік алған кезде барлық жерде, соның ішінде біздің кәсіпорында да қиындықтар болды. Бірақ заманның қиындығына қарамастан, зауыттың жағдайы үнемі тұрақты болды. Ақша болмаған кезде, жалақыны азық-түлікпен, өнеркәсіптік тауарлармен берді. Яғни, қорғанымыздың бар екенін, далада қалмайтынымызды және қандай жағдай болмасын, көмек беретінін сезініп жүруші едік. Елдің дамуымен бірге зауыт та өсті. Бүгінде дәрежеміз жоғары, жаңғырту іске асырылуда, заман талабынан қалмай келеміз. Қара шаңырағыма айналған кәсіпорынға гүлденуін, жаңа табыстар тілеймін.


Количество показов: 11883

Возврат к списку

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу