Инна Яшкина: «Ширек ғасыр бойы оң өзгерістер»

15.11.2016

Инна Яшкина: «Ширек ғасыр бойы оң өзгерістер»

Иа, дәл осы күні Инна Викторовна өз еңбек жолын бастады. Ол – «мұнай және газ өндіру операторы» мамандығы бойынша  бұрынғы Гурьев политехникумның түлегі. Зауыт лабораториясындағы жұмысты жақсы біледі. Мұнда оның анасы – Марта  Александровна Яшкина 47 жыл бойы қызмет еткен.

 - Мені сол кезде бақылау лабораториясының құрамына кіретін газ бөліміне 3-ші дәрежелі лаборант ретінде қабылдады. Оның басшысы Мария Васильевна Сладкова, кейін  Елена Ивановна Капуова болды, - деп есіне түсірді Инна Яшкина. – Әрине, алғашқы кезде қиналдым. Кез келген адам тәжірибе жинағанша, талай қиындықтарды басынан өткізеді деп ойлаймын. Маған көп нәрсені үйреткен, білгендерімен бөліскен менің ұстаздарым Зарипа Дощанқызы Айжігітоваға, Евгения Ивановна Кабанкиноваға, Елена Леонидовна Куликоваға және Светлане Жетпісқалиқызы Бисалиеваға ризашылығым шексіз. Зауыт лабораториясының қызметкерлері қашанда бір-біріне жәрдемдесуге әзір екенін атап айтқым келеді.

Инна Викторовна еңбек жолы мен жалпы өмірі туралы өзіне тапсырылған істі орындай отырып, жұмыс арасында айтып берді. – Қазіргі кезде газдық хроматографта сутектегі және жеңіл газ тәрізді көмірсутектердегі СО және СО2 іздік көлемін анықтаймын. – Лаборант жұмысы жетік білімді, ептілік пен нақтылықты талап етеді. Өйткені нәтижесінде – сапалы өнім шығарылады. Және де өнімді өңдеудің осы біртұтас тізбекте лаборанттың рөлі өте маңызды. Бүгінде біздің жұмысымыз әлдеқайда жеңілдеді, - дейді  Инна Викторовна, - мен осында келгенімде небәрі екі хроматограф ғана болды. Ал бүгін қараңыз: бірнеше хроматограф жұмыс істеп тұр, процестің барлығы дерлік компьютерленген. 

Инна Викторовна 25 жыл бойы реагенттер мен газдар лабораториясында жұмыс істеп келеді, 5-ші дәрежелі лаборант. Оны ұжымда білікті маман ретінде құрметтейді және бағалайды. Инна Викторовна үнемі ізденісте жүреді, білімін жетілдіріп, әріптестерімен тәжірибе алмасады.    

- Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Ширек ғасыр ішінде елімізде оң өзгерістер болды, - деп атап өтті Инна Викторовна. Мысал ретінде Атырау қаласын алайық. Тұрғындардың көбісі 1991 жыл қандай болғанын ұмыта қойған жоқ шығар, ал бүгінде қаланың жағдайы қандай?  Бұрын аяқ алғысыз батпақ болатын, ал қазіргі ше? Көшелерге асфальт төселген, тротуарлар салынған. Қазіргі заман талаптарына сай ғимараттар, сауда үйлер. Оң өзгерістерді барлық қазақстандық сезінді. Мысалы, бізде, зауытшыларда жалақымыз тұрақты, әлеуметтік төлемдер жүргізіледі. Болашаққа деген сеніміміз мол. 

Баршаңызды алда келе жатқан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 


Количество показов: 11894

Возврат к списку

Соңғы жаңалықтармен таныс болыңыз.
Таратуға жазылыңыз!
Жазылу