«Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы» жобасын іске асыру

Мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылыс жобасы – бұл АМӨЗ-ді толық модернизациялаудың соңғы кезеңі.

«АМӨЗ-де МТӨК құрылысы» жобасын іске асыру 2010-2014 жылдардағы ҚР жедел индустриалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған шаралар аясында, және де ҚР аумағында шығарылатын автокөліктерден бөлінетін зиянды заттарға қарсы қойылған талаптардың бекітілген Техникалық тәртібіне сай жүргізілді.

Инвестициялық бастаманың стратегиялық мақсаты - АМӨЗ ЖШС-де әлемдік стандарттарға сай жоғары сапалы мұнай өнімдерін шығару және отандық өндірістерді дамыту үшін мұнайхимия шикізатын өндіретін заманауи техникалық база құру.

Атырау МӨЗ-інде мұнайды терең өңдеуді ұлғайтудың түбегейлі шешімі екінші рет қайта өңдеуді ендірумен байланысты, ол қосымша терең өңдеуді (мазут, вакуумды газойль) қамтамасыз етеді, сондай-ақ терең өңдеудің базалық процесін (мысалы каталитикалық крекинг) енгізумен байланысты.

МТӨК -ді іске асыру аясында 14 заманауи технологиялық қондырғылар құрылысы қарастырылған.

«Axens» (Франция), «UOP» (Ұлыбритания), «Foster Wheeler» (Италия) и ОАО «Омскнефтехимпроект» (Ресей) компанияларымен Лицензиялы келісімдерге қол қойылды. МТӨК жобасының "қоршаған ортаға әсерді бағалау" бөлімі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді.

«МТӨК құрылысы» жобасы зауыттың жанармай өнімдерінің экологиялық сапасын, бағалы мұнай шикізатын тиімді пайдалануды және өндірістің экологиялық қауіпсіздігін көтеруге бағытталған. Шешімдердің техникалық деңгейі ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерінің талаптарына сай және алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалануды қарастырады.

«МТӨК құрылысы» жобасын іске асыруға «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз-өңдеу-маркетинг» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС және «Омскнефтехимпроект» ААҚ (Ресей) қатысты.

Мұнайды терең өңдеу кешенін (МТӨК) «под ключ» шартымен тапсыру үшін «Атырау МӨЗ» бен Консорциум арасында 2011 жылы 29 желтоқсанда келісімге қол қойылды, оған «Sinopec Engineering” (КХР), «Marubeni Corporation» (Жапония) и НГСК «ҚазСтройСервис» АҚ (ҚР) енді. «Sinopec Engineering” компаниясы жоба бойынша Консорциум жетекшісі ретінде қатысты. «Marubeni Corporation» компаниясы Жапонның халықаралық ынтымақтастық банкі арқылы жобаны қаржыландыруды ұйымдастырды, сондай-ақ сатып алулар мен логистикаға қатысты.

Бұл кешен жылына 2 миллион 400 мың тонна шикізат (мазут, вакуумдық газойль) өңдеуге есептелген. МТӨК жоғарыоктанды бензин, авиациялық және дизель отынын өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жылына 5,5 млн.тонна мұнай өңдеу кезінде АМӨЗ жыл сайын еуро-5 стандартына сәйкес келетін ашық түсті мұнай өнімдерінің желісін шығаруды көздеп отыр.

2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Атырау МӨЗ аумағында "мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысы" жобасын іске асыру аясында құрылыс алаңдарын дайындау жұмыстары жүргізілді. 2012 жылғы желтоқсанда "Атырау МӨЗ – де МТӨК құрылысы" инвестициялық жобасы практикалық іске асыру кезеңіне өтті, ал 2018 жылы жоба сәтті іске қосылды.

МТӨК жобасының негізгі көрсеткіштері:
  1. "Под ключ" шарты бойынша құрылыс құны-1 680 млн. АҚШ долл. (ҚҚС-пен);
  2. Қосымша құны төмен өнім ретінде мазут өндіруді 37%-дан 6,71%-ға дейін төмендету және ашық түсті мұнай өнімдерінің шығуын 77% - ға ұлғайту, сондай-ақ АИ-80 маркалы төмен сұрыпты бензин мен уайт-спирит өндіруді болдырмау есебінен қайта өңдеу тереңдігін 84-85% – ға дейін ұлғайту;
АМӨЗ ЖШС МТӨК жобасын жүзеге асырғаннан кейінгі негізгі өнімі:
  • "Регулятор-92" Бензині
  • "Премиум-95" Бензині
  • "Супер-98" Бензині
  • Реактивті отын
  • Сүзілудің шекті температурасы бар дизель отыны (-15), (-25), сондай-ақ баяу қататын "Khazar" (-32), "Khazar" (-38), "Altay" (-45) маркалы дизель отыны.