О компании
Вакансии
Пресс-центр
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
О компании
О компании
Действующее руководство
История завода
Награды
Экология и безопасность
Политика в области качества, охраны труда и окружающей среды и выплата налогов
Охрана окружающей среды
Программа по энергоэффективности
Выбросы в атмосферу загрязняющих веществ
Выбросы в атмосферу парниковых газов
Управление отходами производства и потребления
Оценка воздействия на окружающую среду
Производственный экологический мониторинг
Водопотребление и водоотведение на собственные (производственные) нужды компании
Охрана труда
Пожарная безопасность
Промышленная безопасность
Проект Tazalyq
Продукция
Продажа неликвидов
Производство
Общезаводское хозяйство
Производство ароматических углеводородов
Производство гидрогенизационных процессов
Производство глубокой переработки нефти
Производство и транспортировка нефтепродуктов
ПКИС
ППНГО
Производство тепловой и электрической энергии
Центральная заводская лаборатория
ISO
Цели и задачи
Политика ТОО «АНПЗ»
Сертификаты
Социальная сфера
Жилищное строительство
Медицинский центр
Программа медицинского страхования
Отдых детей
Обучение
Забота о ветеранах
Зал истории и трудовой славы
Социальная поддержка
Спортивная работа
Активы
Закупки
Годовой план закупок
План долгосрочных закупок
Нормативные документы
Дополнительная информация
Архив
Закупки
Проекты модернизации
Реализация проекта "Строительство комплекса глубокой переработки нефти"
Реализация проекта "Строительство комплекса по производству ароматических углеводородов"
Банк идей
Блог
Письменные обращения
Электронная база данных субъекта естественных монополий
Объявления
Мощность подъездных путей
Тарифы
Отчет перед потребителями
Доступ к ключевой мощности
Доступ к ключевой мощности по реализации нефтепродуктов
О компании
Вакансии
Пресс-центр
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Рус
Қаз
Eng
Главная
Пресс-центр
Новости
Ақпараттық хабарлама
Ақпараттық хабарлама
07.10.2026
49 просмотров
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (бұдан әрі – Атырау МӨЗ) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасай отырып, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Атырау облысы бойынша Экология департаментінің жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме беруді қажет деп санайды.
Жарияланымдарда кәсіпорындағы
ЭЛТҚ-АТ-2 және ЭЛТҚ-АВТ-3 қондырғыларының жекелеген технологиялық пештері бойынша шығарындыларға есептеулер жүргізілмегені және шекті рұқсат етілген шығарындылар (ШРШ) нормативтері белгіленбегені айтылған.
Атырау МӨЗ бұл тұжырымды негізсіз деп санайды және ол ШРШ жобасы аясында орындалған есептеулердің нақты мазмұнына сәйкес келмейді.
Кәсіпорында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен берілген қолданыстағы қоршаған ортаға әсер етуге арналған экологиялық рұқсат шеңберінде жүргізілген тиісті нормативтік есептеулер бар. ЭЛТҚ-АТ-2 және ЭЛТҚ-АВТ-3 қондырғыларының технологиялық пештеріне арналған ШРШ жобасын әзірлеу кезінде отын газын, табиғи газды және пеш отынын жағудан туындайтын шығарындылар есептелді. Сәйкесінше, аталған шығарындылар көздері бойынша нормативтер Қазақстан Республикасында бекітілген әдістемелерге сәйкес белгіленген.
Атырау МӨЗ тиісті есептеулер мен нормативтік материалдардың бар екенін растайтын қажетті техникалық және жобалық құжаттаманы уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсынуға дайын. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) кезіндегі іс-шараларға қатысты айтар болсақ, АМӨЗ ҚМЖ басталғаны туралы тиісті хабарлама алған кезде бекітілген Жоспарға сәйкес ластаушы заттар шығарындыларын азайту шараларын жүзеге асырады. Жоспарда шығарындыларды төмендетуге бағытталған нақты жұмыстар көрсетілген. Есептеулерге сәйкес, аталған іс-шаралар шығарындылар мөлшерін
35 370,1 г/с-тан 20 664,3 г/с-қа дейін, яғни шамамен 42%-ға азайтуға мүмкіндік береді.
100 тоннадан астам газдың алау қондырғысында жағылуына қатысты келесіні атап өткен жөн: газды алау қондырғысына жіберу – технологиялық процестің бір бөлігі және ол әдіс сондай-ақ технологиялық қондырғылардың жұмысында ақаулар туындаған кезде қолданылады. Мұндай жұмыс режимі кезінде алау жүйесі газдың қауіпсіз жағылуын қамтамасыз етеді және жобаға сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі саналады.
Сонымен қатар, 2026 жылдың 2-7 қыркүйегі аралығында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті орган зауыттың санитариялық-қорғау аймағының шекарасында күкіртсутек бойынша нормативтен асу фактілерін тіркеген жоқ. Кәсіпорын экологиялық талаптарды сақтау қажеттілігіне күмән келтірмейді және жүргізіліп жатқан бақылау іс-шаралары аясында мемлекеттік органдармен сындарлы түрде өзара іс-қимыл жасайды.
Атырау МӨЗ заңнамада көзделген рәсімдердің аяқталып, соттың тиісті құқықтық баға беруін күтуді қажет деп санайды.
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, өнеркәсіптік шығарындыларды бақылауға және экологиялық мониторинг деректерінің дұрыстығына ерекше назар аударады. Кәсіпорын технологиялық жабдықтың сенімділігін арттыруға, қоршаған ортаға әсерді азайтуға және өндірістік экологиялық бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған кешенді шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.
Атырау МӨЗ кәсіпорынның қызметі мен тексеру нәтижелері туралы ақпараттың расталған құжаттар мен объективті техникалық деректерге негізделуін маңызды деп есептейді. Кәсіпорын мемлекеттік органдармен, қоғам өкілдерімен және бұқаралық ақпарат құралдарымен ашық диалог жүргізуге дайын және заңнама аясында қажетті түсініктемелер беруге әзір.
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметі
Поделиться в социальных сетях:
Назад к списку новостей
Новости
Фотогалерея
Видеоролики
Корпоративные СМИ
Все
AMOZ alemi
Еңбек адамы
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться
Подписка на рассылку
Email
*
Подписаться
Закрыть
Вход в личный кабинет
Логин
Пароль
Забыли пароль?
или
зарегистрироваться
Восстановление пароля
E-Mail:
*