Кәсіпорын түлектерді өз қаражаты есебінен Қазақстан, Қытай және ТМД мемлекеттеріндегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында өндіріс үшін қажетті техникалық мамандықтар бойынша оқытады. Жобаға қатысатын білім ордаларының қатарында Қазақ-Британ техникалық университеті, Satbayev University, Astana IT Univеrsity, Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты және Тяньцзинь технологиялық университеті бар.
Үлгерімі жақсы студенттерге зауыт тарапынан стипендия төленеді. Өндірістік тәжірибе және тұрақты жұмыспен қамту міндеттерін де зауыт өз мойнына алған.
Атырау мұнай өңдеу зауыты бәсекеге қабілетті жұмысшы мамандар даярлау мәселесіне де ерекше көңіл бөліп келеді. Кәсіпорында 2016 жылдан бері дуалды оқыту бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Соңғы екі жылда 19 студент зауыттықтар қатарын толықтырды. Өндіріске жас мамандарды тарту мақсатында АМӨЗ бен Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «ҚазМұнайГаз» еңбеккерлердің біліктілігін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлуде.
Назад к списку новостей