О компании
Вакансии
Пресс-центр
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
О компании
О компании
Действующее руководство
История завода
Экология и безопасность
Политика в области качества, охраны труда и окружающей среды и выплата налогов
Охрана окружающей среды
Программа по энергоэффективности
Выбросы в атмосферу загрязняющих веществ
Выбросы в атмосферу парниковых газов
Управление отходами производства и потребления
Оценка воздействия на окружающую среду
Производственный экологический мониторинг
Водопотребление и водоотведение на собственные (производственные) нужды компании
Охрана труда
Пожарная безопасность
Промышленная безопасность
Проект Tazalyq
Продукция
Производство
Общезаводское хозяйство
Производство ароматических углеводородов
Производство гидрогенизационных процессов
Производство глубокой переработки нефти
Производство и транспортировка нефтепродуктов
ПКИС
ППНГО
Производство тепловой и электрической энергии
Центральная заводская лаборатория
ГТЭС
ISO
Цели и задачи
Политика ТОО «АНПЗ»
Сертификаты
Социальная сфера
Жилищное строительство
Медицинский центр
Программа медицинского страхования
Отдых детей
Обучение
Забота о ветеранах
Зал истории и трудовой славы
Социальная поддержка
Спортивная работа
Активы
Закупки
Годовой план закупок
План долгосрочных закупок
Нормативные документы
Дополнительная информация
Архив
Закупки
Проекты модернизации
Реализация проекта "Строительство комплекса глубокой переработки нефти"
Реализация проекта "Строительство комплекса по производству ароматических углеводородов"
Банк идей
Блог
Письменные обращения
Электронная база данных субъекта естественных монополий
Объявления
Мощность подъездных путей
Тарифы
Отчет перед потребителями
О компании
Вакансии
Пресс-центр
Комплаенс
ОМБУДСМЕН
Рус
Қаз
Eng
Главная
Пресс-центр
Новости
Атырау МӨЗ-де экологиялық ашық есік күні өтті
Атырау МӨЗ-де экологиялық ашық есік күні өтті
08.08.2024
849 просмотров
Атырау мұнай өңдеу зауытында экобелсенділердің, мемлекеттік органдар, БАҚ және қоғам өкілдерінің қатысуымен Қазақстан мұнайының 125 жылдығына арналған ашық есік күні өтті. Күн тәртібіндегі басты сұрақ АМӨЗ-дің табиғатты қорғау қызметінің нәтижелері мен болашақ жобалары болды.
Алдымен қонақтар каталитикалық риформинг қондырғысының мұржасында қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін (МАЖ) іске қосу барысымен танысты. МАЖ жүйесін енгізу — экологиялық заңнама талаптарының бірі. Экологиялық бақылау құрылғылары мұнай коксын қыздыру мен параксилол өндіру қондырғыларының, сондай-ақ жылу және электр энергиясы өндірісінің түтін мұржаларына да орнатылған. Автоматтандырылған мониторинг жүйесі пештер мен қазандықтардың түтін газдарындағы ластаушы заттардың құрамын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта «Ұлттық информациялық технологиялар» АҚ мамандарымен бірлесіп экологиялық көрсеткіштерді ақпараттық жүйеге жіберу жұмыстары реттелуде. Бақылау құралдарын тамыз айының соңына дейін іске қосу жоспарланған.
Бұдан кейін шараға қатысушлар механикалық тазарту қондырғыларына барып, ағынды суларды тазарту жұмысымен танысты. Ағымдағы жылдың мамыр айында Tazalyq жобасы аясында механикалық тазарту қондырғыларын реконструкциялау жобасы аяқталып, кешен толық қуатына шыққан болатын. Қазіргі таңда тазарту жүйесінің қуаты сағатына 1 000 текше метрге жетті. Мұнай шламын өңдеу көлемі айына орта есеппен 12 000 текше метрді құрайды.
Әрі қарай қоғамдық экологиялық кеңестің кезекті отырысы басталып, “АМӨЗ” ЖШС бас директоры Ғалымжан Жусанбаев сөз алды. Жиынға қатысушыларға зауыттың қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар туралы түсіндірілді. Мәселен, су ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында АМӨЗ-де ағынды суларды тазарту және үстерлеме су дайындау кешенді қондырғысын салу жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру Жайық өзенінен су алу көлемін 50%-ға дейін азайтуға, ағынды суларды қайта пайдаланып, оларды ағызу көлемін 70%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сұрақ-жауап сессиясы кезінде зауыттан шығатын ағынды суларды Атырау қаласының кәріздік тазарту стансасына жіберу, зауыттың санитарлық-қорғау аймағын кеңейту және т.б мәселелер сөз болды.
Отырыс соңында Ғалымжан Жусанбаев жиналғандарға белсенді азаматтық позициялары үшін алғыс айтып, қаладағы экологиялық мәселелерді шешу жұмыстарының бірлесіп атқарылатындығына сенім білдірді.
Поделиться в социальных сетях:
Назад к списку новостей
Новости
Фотогалерея
Видеоролики
Корпоративные СМИ
Все
AMOZ alemi
Еңбек адамы
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться
Подписка на рассылку
Email
*
Подписаться
Закрыть
Вход в личный кабинет
Логин
Пароль
Забыли пароль?
или
зарегистрироваться
Восстановление пароля
E-Mail:
*