АМӨЗ-дегі «таза» бейсенбі

30.05.2024
988 просмотров
АМӨЗ-дегі «таза» бейсенбі
Атырау мұнай өңдеу зауытында «Таза бейсенбі» акциясы өтті.
Іс-шара зауыттықтар арасында экологиялық мәдениетті арттырып, өндіріс орындарындағы тазалықты қамтамасыз етуге бағытталған.  

Акцияға АМӨЗ-дің және мердігер компаниялардың 350-ден астам қызметкері қатысып, төрт сағат ішінде территориядан 24 текше метр қоқыс шығарылды.  

– Тазалық жұмыстарын сағат 08:00-де бастадық. Әр цехтың өзіне бекітілген аумақ бар. Бүгін зертхана ғимаратының айналасындағы шөптер мен басқа да ұсақ қоқыстарды жинап, қураған бұталарды қырқып, металл конструкцияларды сырлау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қажетті құралдар — күрек, тырма, кетпен өзімізде бар. Әріптестерімізбен бірге санитариялық-профилактикалық жұмыстарға үнемі қатысамыз. Осылайша өз жұмыс аймағымыздың тазалығын сақтаймыз, – деді орталық зауыт зертханасы басшысының өндіріс бойынша орынбасары Анастасия НАСЕНКОВА

Зауыт территориясын тазалау жұмыстарына екі самосвал және 1 погрузчик жұмылдырылды.  

АМӨЗ-дің мәдени-спорттық жұмыс жоспары шеңберінде, өндірістік нысандардың аумағын тазарту жөніндегі бұйрыққа және кәсіпорын аумағын тазалау бағдарламасына сәйкес бүгінгідей экологиялық акция алдағы уақытта тұрақты негізде өткізіледі.

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться