2023 жылғы " АМӨЗ " ЖШС қызметінің қорытындысы

25.12.2023
374 просмотров
2023 жылғы " АМӨЗ " ЖШС қызметінің қорытындысы
Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша зауыт жалпы сомасы 154,7 млрд.теңгеге (оның ішінде Атырау қаласының жергілікті бюджетіне 131,9 млрд. теңге) салық төлеуді жоспарлап отыр, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,5 есе көп. Атырау қаласының 1/3 бюджеті "АМӨЗ" ЖШС төлемдерінен тұрады.
Салық аударымдарының ұлғаюы, ең алдымен, зауыттың мұнай өңдеу тереңдігін арттыратын технологиялық -каталитикалық крекинг және баяу кокстеу қондырғыларының жобалық қуаттылығына қол жеткізумен байланысты болып отыр.
Айта кету керек, биылғы жылы каталитикалық крекинг қондырғысы іске қосылған сәттен бастап алғаш рет мұнай өңдеудің жобалық тереңдігі 86% - ға жетіп, сағатына 300 тонна жобалық өнімділік орнатылды.
2023 жылдың желтоқсан айында мұнай – химия өнеркәсібін өндіру үшін шикізат болып табылатын қосылған құны жоғары өнім-параксилол өндірісі қайта жанданды.
Жоғарыда аталған іс-шаралардың арқасында "АМӨЗ" ЖШС-нің 2023 жылғы жоспарлы өндірістік көрсеткіштері кәсіпорынның бүкіл тарихында рекордтық болады деп күтілуде. Олар:
• мұнай өңдеу бойынша - 5,475 млн. тонна (2022ж. – 5,224 млн. тонна);
• мұнай өңдеу тереңдігі - 82% (2022ж. – 75,7%);
• ашық түсті мұнай өнімдерінің үлесі – 66,7% (2022ж. – 58,8%);
• автожанармайының өндірісі– 1,680 млн. тонна (2022ж. – 1,262 млн. тонна);
• лизель отынының өндірісі – 1,6 млн. тонна (2022ж. – 1,469 млн. тонна);
• сұйытылған көмірсутек газын өндіру – 192 мың. тонна (2022ж. – 126 мың. тонна).

2023 жылғы осы жетістіктер кәсіпорынның нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін өз еңбегі мен білімін жұмсаған "АМӨЗ" ЖШС-нің барлық қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерімен іске асырылды.

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться