Атырау мұнай өңдеу зауытында тазарту қондырғыларын реконструкциялаудың екінші кезеңі жалғасуда

20.12.2023
316 просмотров
Атырау мұнай өңдеу зауытында тазарту қондырғыларын реконструкциялаудың екінші кезеңі жалғасуда
Атырау мұнай өңдеу зауытында Tazalyq жобасы аясында жабық типтегі ағынды суларды механикалық тазарту қондырғыларын реконструкциялаудың II кезеңі жалғасуда.

Екінші кезең барысында ағынды суларды орташалау резервуарларын, сорғы станция ғимараттарын, өзін-өзі шайғыш сүзгілер мен флотация блоктарын салу жұмыстары жүргізілуде. Іске қосу-баптау жұмыстары 2024 жылдың алғашқы айларына жоспарланған.

Бірінші кезең аяқталған соң жаңартылған механикалық тазарту қондырғыларында айына орта есеппен 12 000 текше метр мұнай шламы өңделеді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша ағынды суларды мұнай өнімдерінен тазарту тиімділігі 83%-ға жетті. Ал ағынды суларды қалқымалы заттардан тазарту тиімділігі 20%-ға артты. Мұнай шламын тұрақты өңдеудің нәтижесінде өңдеуге қайтарылған мұнай көлемі – айына орта есеппен 3 280 тонна. Осылайша, биылғы 11 айда 36 084 тонна тауарлық мұнай өнімі өңдеуге қайтарылды.

Сондай-ақ «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС Tazalyq жобасы аясында булану алаңдарын рекультивациялау және нормативтік-тазартылған сарқынды су каналын реконструкциялау жұмыстарын қолға алды. Бүгінгі таңда кәсіпорын бас кәріздік сорғы станциясы мен кәріздік тазарту станциясына ағынды суларды жіберуге арналған құбырларды жүргізу, сонымен қатар булану алаңдарының 1-2 секторын рекультивациялау жұмыстарын аяқтады. 3-4 секторларды құрғату және қалпына келтіру шаралары зауыттан шығатын ағынды суларды Атырау қаласының кәріздік тазарту станциясына жіберуге рұқсат алғаннан кейін басталады.

Назад к списку новостей

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться